Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанады.
Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек еліміздің батысында 11-12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін, - деп жазылған Қазгидромет болжамында.
Сондай-ақ, синоптиктер ауа температурасының негізгі фоны күндіз еліміздің батысында +3…+12°С, солтүстік-батысында 0…+8°С, солтүстігінде, шығысында және орталығында −3…+5°С, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +2…+10°С болатынын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады.