Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алдағы күндері -28°С дейін аяз көтеріліп, боран соғады

Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

16-18 желтоқсан күндері Қазақстанның көп бөлігінде кең циклон әсерінен ауа райы күрт өзгереді. Қар жауып, боран соғады және тұман күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер қар, боран және күшті жел туралы ескертеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде – аралас жауын-шашын және көктайғақ күтіледі.

Кейбір облыстарда қарлы жауын-шашын, боран болады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар, көктайғақ болуы мүмкін. Таулы аймақтарда боран күшейеді. 

Республика бойынша желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады, кей жерлерде 23–28 м/с жетуі мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман байқалып, бұл жол жағдайын қиындатуы мүмкін.

Температуралық фон да өзгереді. Батыс өңірлерде түнгі температура -10…-18°С дейін төмендеп, кей жерлерде -3…-13°С болады; күндіз -15…0°С дейін, кей жерлерде -5°С…+5°С дейін көтерілуі мүмкін. 

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -7…-15°С, кей жерлерде -12…-28°С дейін төмендейді; күндіз -5…-15°С, кей жерлерде -8…-18°С болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда да суық болады. Түнде температура -3…-11°С, кей жерлерде -5…-20°С дейін төмендейді; күндіз -5°С-тен +2°С дейін, кей жерлерде -1…-13°С болады.

Синоптиктер тұрғындарға жолға шығу жоспарын жасар алдында ауа райын ескеруді, боран, күшті жел және көктайғаққа байланысты жолда абай болуды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы