Президент: Әлемдегі түрлі саяси шиеленістер елімізді алаңдатып отыр

20 Маусым 2023, 13:02
2238
Бөлісу:
Президент: Әлемдегі түрлі саяси шиеленістер елімізді алаңдатып отыр
Фото: Ақорда

Екі ел арасындағы келіссөздер нәтижелі аяқталды. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Әлемдегі түрлі саяси, экономикалық шиеленістер елімізді алаңдатып отыр. Әрине, барлық түйткіл халықтардың болашақ ұрпағының игілігі үшін бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Қазақстан дауласқан тараптарды бітімге шақырды. Оларға келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынды. Еліміз дауларды дипломатиялық жолмен шешу ісіне белсене атсалысуға дайын, - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазақ-неміс басшысының арасындағы келіссөзді нәтижелі болды деп қорытындылады. Сондай-ақ Тоқаев қазір Еуропа одағында Global Gateway стратегиясы жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық. Біз жасыл энергетика, аса маңызды шикізат, арнайы экономикалық аймақ, өнеркәсіп, ауыл шарушылығы, қаржы және басқа да саладағы байланыстарды нығайту жолдарын қарастырдық. Себебі бұл бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту туралы пікір алмастық, - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды. Кейіннен Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Германия президенті еліміздегі заңнамалық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Өз кезегінде Тоқаев Тоқаев неміс компанияларын инвестиция салуға шақырды. Сонымен қатар Президент Ақтауда немістің озық тәжірибесіне негізделген институт ашылатынын атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы