Германия президенті еліміздегі заңнамалық өзгерістерге қатысты пікір білдірді

20 Маусым 2023, 11:51
1203
Бөлісу:
Германия президенті еліміздегі заңнамалық өзгерістерге қатысты пікір білдірді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаев қыркүйек айында Германияға сапары туралы оптимистік көзқарасы барын айтты. Сондай-ақ президент неміс басшысының Маңғыстауға барғысы келетінін жоғары бағалады.

Бұл біздің іскерлік жетістіктеріміздің көрінісі деп ойлаймын. Мен сіздің теңіз портын аралайтыныңызды түсіндім. Премьер-министр Смайылов сізді Маңғыстауға ертіп барады. Тағы да Қазақстанға қош келдіңіз. Делегация мүшелеріне ризашылығымды білдіремін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Франк-Вальтер Штайнмайер Германия Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын айтты. Неміс басшысы өлім жазасын алып тастау туралы және Конституциялық сот қызметін қалпына келтіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерге қатысты оң баға берді.

Біз Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жалғастыруға бейілміз. Біздің алдымызда көптеген міндет бар. Бұл - сыртқы саясат бағыты болсын, климаттың өзгеруімен күрес болсын. Біз жұмыс істеуіміз керек көптеген ортақ мүдде бар. Сондай-ақ қыркүйектегі сапарыңызды асыға күтеміз, - деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды. Кейіннен Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы