Тоқаев: Ақтауда немістің озық тәжірибесіне негізделген институт ашылады

20 Маусым 2023, 12:27
955
Бөлісу:
Тоқаев: Ақтауда немістің озық тәжірибесіне негізделген институт ашылады
Фото: Ақорда

Биыл Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 31 жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөзде осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін біз Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мырзамен келіссөздер жүргіздік. Екіжақты байланыстарды нығайту жолдарын талқыладық. Сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмастық. Биыл Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 31 жыл толды. Осы уақыт ішінде жоғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасты. Өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамыды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың аясы кеңейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев екі ел арасында серіктестіктің әлеуеті зор екенін айтты.

Атап айтқанда, Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор. Немістің озық технологиясының тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте, Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл жобалар екі елдің студенттері мен мамандары арасында тәжірибе алмасуға жол ашады, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы