Жалпы жаңалықтар
-
-
Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі жазушы, әдебиеттанушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Герольд Карлович Бельгерге ескерткіш қойылды.
19.03.2021
-
Волонтерлері үй-күйсіз жүргендерге ыстық тамақ таратты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы волонтерлері 18 наурыз – «Игі істер» күні аясында көмекке мұқтаж жандарға ыстық тамақ пісіріп таратты.
18.03.2021
-
Түркі академиясының басшысы БАҚ өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жыл басы – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстандағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының басшылармен және өкілдерімен кездесті.
18.03.2021
-
Түркияда Абай ескерткіші ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл қаласы Зейтінбурну ауданында Абай даңғылы және ескерткіші салтанатты түрде ашылды
18.03.2021
-
«Музейдегі түн». Түркістандықтар тарихи орындар және тұлғалармен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының ұйымдастыруымен «Музейдегі түн» іс-шарасы өтті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.
18.03.2021
-
COVID-19: Қазақстанға қай ел гуманитарлық көмек көрсетті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлем бір жыл бойы COVID-19 індетімен күресіп жатыр. Пандемиямен арпалысқан елдер қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсете білді. Эпидемиямен күресу үшін медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек, маска жетіспеушілігі туындағанда көршілік, серіктес, дос мемлекеттер оның орнын толтыра білді. Тіпті алдыңғы шептегі дәрігерлерін жіберіп, тәжірибелерімен бөліскен елдер де жоқ емес. Осынау індетпен күресте қай елден қандай көмек жіберілгеніне шолу жасап көрейік.
18.03.2021
-
Әлихан Бөкейханның өмірі және шығармашылығына арналған іс-шара өтті
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстанда қазақтың белгілі қоғам қайраткері, этнограф, публицист және «Алаш» партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның өмірі және шығармашылығына арналған арнайы іс-шара өтті.
18.03.2021
-
Әскердегі арулар оқушылармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің ұйымдастыруымен нәзік жанды әскери қызметшілер Наурыз мерекесіне арналған «Мен өз елімнің Патриотымын!» тақырыбында №129 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиленушілерімен кездесті.
17.03.2021
-
ТЖ министрі ШҚО-ның су тасқынына дайындығын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.
17.03.2021
-
Студенттерге Бейсен Құранбек атындағы стипендия берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің журналистика кафедрасының үздік үш студентіне талантты журналист Бейсен Құранбек атындағы стипендияны табыс етті.
17.03.2021
-
150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге көлемінде грант жеңіп алды.
17.03.2021
-
TURKSOY ұйымы «Абай» альбомының тұсаукесерін өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымымен (TURKSOY) бірлесіп «Абай» альбомының тұсаукесерін өткізді.
17.03.2021
-
Корея түстері: кеше және бүгін. Елордада дәстүрлі корей тұрмысын көрсететін көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Елбасы кітапханасының музейінде «Корея түстері: кеше және бүгін» көрмесі өтіп жатыр.
17.03.2021
-
Биыл Наурыз мейрамын мерекелеу игі істерге арналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елордада Наурыз мерекесін тойлау «Қайырымды істер» ұранымен өтеді.
17.03.2021
-
«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Ән-жырым - Сарыарқа» атты Наурыз мерекеcіне арналған концерті өтті.
16.03.2021
-
Жамбыл Жабаевқа 175 жыл: Екі дəуірдің куəсі болған ақын
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік өңіріндегі Түлкібас ауданы Абай атындағы мектеп-лицейінде қазақ тілі мен əдебиеті пәні мұғалімдерінің жəне мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен жыр жампозы Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты тағылымды поэзия кеші болып өтті.
16.03.2021
-
Birgemiz: Азаматтық орталық халықпен бірге болды
Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында волонтерлардың басын қосатын, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыратын әкімдік жанынан құрылған арнайы орталық бар. Еріктілер де, белсенділер де сол мекеме арқылы бір арнаға тоғысады. Қызу қоғамдық жұмыс атқарады.
16.03.2021
-
Қазақстан және Мысыр мүфтилері ортақ келісімге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Каирдегі Пәтуа беру орталығында болып, Мысыр мүфтиі Шауқи Алламмен кездесті.
15.03.2021
-
Бір ай дегенді естімейтін болайын. Шөкеев жарықсыз қалған Түркістанды 1 аптада қалпына келтіруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ауа райының күрт өзгеріп, толассыз жауған жауын-шашынның арты бұрқасын дауыл мен қарға ұласып, салдарынан Бәйдібек, Отырар, Ордабасы ауданы мен Кентау және Арыс қаласының кейбір елді мекені ішінара жарықсыз қалған еді.
15.03.2021
-
Көкшетауда ұлттық нақыштағы сән көрмесі өтті
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық киімдерді ұлықтауға арналған сән көрмесі өтті.
15.03.2021
Наверх