Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды

19 Наурыз 2021, 10:29
3562
Бөлісу:
Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі жазушы, әдебиеттанушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Герольд Карлович Бельгерге ескерткіш қойылды.

Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды

Ескерткіштің ашылуына Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, елімізге танымал ақын, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды

Сонымен қатар ескерткіштің ашылуында Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Президентінің құттықтау хатын оқып берді.

Мен кезінде Гер ағамен аралас-құралас бола жүріп, бір жолыққанымызда ол орыстың «вид» деген сөзінің қазақша 27 синонимін он минутта жазып берген еді. Сонда қаламгердің ізденімпаздығына, зеректігі мен парасаттылығына, қазақ тіліне деген ерекше көзқарасына қайран қалғам. Бүгін біз Герольд Бельгер ескерткіші алдында тұрып, тұғыры тұлғаның рухына тағзым етеміз, сырласамыз. Көзі тірісінде ұлт үшін жасап кеткен ісіне шынайы ризашылығымызды білдіреміз, - деді Көшербаев.

Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды

Ескерткіш Жамбыл мен Ш. Уәлиханов көшелері қиылысының солтүстік бөлігіндегі саябаққа қойылды. Жазушы осы маңда тұрған және үнемі осы саябақта жүргенді ұнатыпты. Ескерткішті мүсінші Нұрлан Далбай жасап шыққан.

Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды

Герольд Карлович Бельгер – танымал жазушы, прозаик, публицист, әдебиеттанушы, сыншы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Алматыда жазушы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды

Өзгелердің жаңалығы