150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

17 Наурыз 2021, 20:05
2973
Бөлісу:
150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге көлемінде грант жеңіп алды.

150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет ақпараттық жүйенің көмегімен онлайн форматта өткізілді. Байқауға қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми-зерттеу жетістіктері бойынша бағаланды. Байқау нәтижелері министрліктің сайтына орналастырылды.

150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

Республикалық сарапшылар тобы әрбір құжаттың сәйкестігін мұқият тексерді. Сондай-ақ комиссия құрамына ҚР БҒМ "Adal Bilim" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалық кеңсесінің өкілдері, ғалымдар мен оқытушылар, соның ішінде "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының өткен жылдардағы жеңімпаздары кірді.

150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

Министр білім және ғылым жүйесі үшін мұндай байқаулардың ашық түрде өтуі маңызды екендігін ерекше атап өтті.

Пандемия кезінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі маңызды сынақтан өтіп, жоо-лардың жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Осы ретте сын-қатерлерді мүмкіндік ретінде қабылдауға тиіспіз. Қандай да бір қиындықтар мен қолайсыздықтарға қарамастан, қазақстандық оқытушылар бұл жағдайға тез бейімделді. Бүгінгі таңда біздің алдымызда оқытушының беделін арттыру, еңбек жүктемесін азайту, еңбекақыны көбейту, оқытушыларды өзіне тән емес функцияларға тартуға жол бермеу бойынша және еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басқа да бірқатар маңызды міндет тұр. Мен байқау жеңімпаздарын бұл марапатпен шын жүректен құттықтаймын және әрқайсысына мықты денсаулық, толағай табыс пен отбасы амандығын тілеймін, – деді Асхат Аймағамбетов.

150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

Конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты.

150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

Биыл ҚР БҒМ-мен енгізілген өзгерістерге сәйкес байқауға құжаттарды қабылдау рәсімі айтарлықтай жеңілдетілгені қуантады. Бұрын-соңды бұл көп уақытты талап ететін. Жалпы бұл марапат оқытушыларды ынталандырып, шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік береді, – деп атап өтті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Әсел Төлебекова.

150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, «ЖОО үздік оқытушысы–2020» атағының иегері Қайролла Рахимов білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты одан әрі күшейту қажет деп есептейді.

150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді

Заманауи технологиялар дамыған уақытта білім сапасын одан әрі арттырмасақ болмайды. Жалпы нарықта сапалы университеттер болуы керек деп санаймын. Алдымызда қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап қалу міндеті тұр, – деді Қайролла Рахимов.
150 оқытушының әрқайсысына 5,8 млн теңге грант берілді
Өзгелердің жаңалығы