COVID-19: Қазақстанға қай ел гуманитарлық көмек көрсетті?

18 Наурыз 2021, 12:05
4422
Бөлісу:
COVID-19: Қазақстанға қай ел гуманитарлық көмек көрсетті?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлем бір жыл бойы COVID-19 індетімен күресіп жатыр. Пандемиямен арпалысқан елдер қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсете білді. Эпидемиямен күресу үшін медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек, маска жетіспеушілігі туындағанда көршілік, серіктес, дос мемлекеттер оның орнын толтыра білді. Тіпті алдыңғы шептегі дәрігерлерін жіберіп, тәжірибелерімен бөліскен елдер де жоқ емес. Осынау індетпен күресте қай елден қандай көмек жіберілгеніне шолу жасап көрейік.

Гуманитарлық көмек – бұл серіктестерге өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі.

Эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында әлемнің барлық мемлекеті әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық алшақтығына қарамастан, түрлі көмек алу үшін өзара жүгінеді.

БАӘ медициналық құралдар жіберді

Біріккен Араб Әмірліктері билігінің шешімі бойынша Қазақстанға гуманитарлық көмек партиясын жіберді. БАӘ-ден жалпы салмағы 13 тоннаны құрайтын толық медициналық қорғаныс құралдары, жартылай медициналық қорғаныс құралдары, бір реттік қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер және т.б. медициналық құралдар келді.

БАӘ.jpeg

БАӘ2.jpg

АҚШ медиктерге қорғаныс құралдарын жіберді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті тапсыру іс-шарасына қатысты.

 АҚШ.jpeg

АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік кіреді.

Катар 8,5 тонна гуманитарлық көмек жолдады

Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар.

Катар.jpg 

Көмек Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.

 Катар2.jpg

Жапониядан да көмек келді

Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12 200 таблеткадан тұратын препараттар 2020 жылғы 14 мамырда Алматы қаласына жеткізілді.

 Жапония.jpg

Бұл жаңа түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Жапония Үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс білдірді.

Коронавирус: Нұр-Сұлтанға Қытайдан дәрігерлер келді

Коронавирусты емдеуде Қазақстан дәрігерлеріне консультациялық және практикалық көмек көрсету және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2020 жылғы 9 сәуірде Қытай Халық Республикасынан Нұр-Сұлтанға арнайы бортпен Қытайдан дәрігерлер тобы келді.

 Қытай дәрігер2.jpg

Топ коронавирустық инфекцияның алдын алу және оны емдеу бойынша бай тәжірибесі бар жоғары білікті медициналық қызметкерлерден құралған. Қытай дәрігерлері Қазақстан әріптестерімен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеді.

Дәрігерлер келген рейспен медициналық қорғау заттары түрінде салмағы 4 тоннадан астам ҚХР Үкіметінің гуманитарлық жүгі жеткізілді (өкпені жасанды желдету аппараттары, хирургиялық бетперделер, қорғау костюмдері).

Қытай гуманитарлық көмегін аямады 

Былтыр 4 шілдеде коронавирус індетінің таралуына қарсы күрестегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде Қытай Халық Республикасының Үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы Алматыға жеткізілді.

Қытай дәрігер3.jpg 

Жүк құрамына COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйелер, сондай-ақ 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 - түйіспесіз термометрлер, 30 мың қорғаныс костюмі мен 600 мың маска кірді.

 Қорғаныс құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдар арасында таратылды.

Қытай гуманитарлық1.jpg

Елордаға Үрімшіден гуманитарлық көмек келді

2020 жылғы 24 сәуірде ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Үрімшіден (ҚХР) Нұр-Сұлтанға медициналық жүк жеткізілді. 

Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциялары, мемлекеттік органдары және компаниялары жолдады. 

Үрімші.jpeg

Медициналық жүк маска (131500 дана), қолғап (10900 дана), термометр (100 дана) және арнайы қорғаныс киімдерден (720 дана) тұрды.

Гуманитарлық жүкті мемлекеттік органдар мен мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор –  «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.

Джек Ма Қазақстанға 50 мың қорғаныс костюмін жіберді

2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді. Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.

Джек ма.jpg 

Кейін Алматыға «Джека Ма» және «Alibaba Group» қорларының гуманитарлық көмегінің екінші легі жеткізілді.

Онда 50 016 дана тест және 30 мың дана өкпені жасанды желдету аппараты бар.

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.

ДЖек ма2.jpeg

Түркиядан келген көмек

Қазақстанда 90-шы жылдардан бері инвестициялық қызмет атқарып келе жатқан түркиялық Magdenli Yer Hizmetleri ve Tasima компаниясы Атырау облысына гуманитарлық көмек көрсетті. Түркиялық инвестор жалпы көлемі 650 кг болатын медициналық көзілдірік, латекстен жасалған қолғап, маска және комбинезондар жіберді.

Туркия2.jpeg 

Magdenli компаниясының иесі Керем Мағденлиден гуманитарлық көмекті қабылдау кезінде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстанда жұмыс атқаратын бауырлас Түркия мемлекетінің инвесторлары COVID-19-бен қарсы күресте белсенділік танытып, осы уақытқа дейін жан-жақты көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Түркия мен Еуропадағы қандастар Қазақстанға көмек жіберді
14 шілдеде Түркия мен Еуропадағы қандастар бірігіп Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді.

Келген көмектің жалпы салмағы – 900 киллограмға жуық. Оның ішінде медициналық заттар (маска, термометр, қорғаныш костюмдері және т.б.) және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар. Бұл медициналық жабдықтар сәйкес медициналық ұйымдарға үлестіріліп беріледі.

Туркия мен Еурова кандастар.jpeg

Барлық жүкті «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы», «Отандастар коры» және елімізге Түркиядан арнайы келген қазақ диаспорасының өкілдерімен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтандағы, Алматыдағы, Шымкенттегі және ШҚО-дағы емханаларға жеткізді.

Ресей де гуманитарлық жүк жіберді

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді.

 Ресей.jpg

РФ гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы «СҚ-Фармация» ЖШС болып табылады. Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүкпен бірнеше рейстер күтілуде.

 Ресей дәрігер.jpeg

Сондай-ақ, ресейлік дәрігерлер Қазақстанға келді.

Ресей ТЖМ арнайы рейсімен Нұр-Сұлтан қаласына Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігерлері келді. 

32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер кірді.

Ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирустық індет пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсетті.

Астрахань Атырауға гуманитарлық көмек жіберді

Астрахань аймақтық қазақ мәдениетінің «Жолдастық» қоғамдық ұйымы мен қазақ мәдениетін дамыту қоры мүшелері коронавирус инфекциясының жаңа түрінің таралуына қарсы күресу үшін Атырау облысына 1000 келі медициналық жүкті жіберді.

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Астрахань.jpeg

20 мың медициналық маска, 500 литр дезинфекциялық құрал, 1000 инфузиялық жүйе, 1000 медициналық бинт, 300 қорғаныш костюм, жөргектер, С витаминдері және өзге де заттар «Жолдастық» қоғамы кеңесінің төрағасы Нұрлан Қандықов пен қазақ мәдениетін дамыту қорының басқарма төрағасы Эдуард Ысқақовтың бастамасымен Атырау госпиталіне жіберілді.

Түмен облысынан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілді
Қазақстан Республикасының Түмен облысындағы Құрметті консулы Владислав Квасов жергілікті қазақ ұлттық-мәдени автономиясымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді.

Владислав Квасов пен автономия төрағасы Есенгалий Ибраевтың бірлескен бастамасы арқасында 20 мыңнан астам медициналық маска, 5 мың жұп бір рет қолданылатын қолғап, 500 литрден астам дезинфекциялық және антисептиктер жіберілді

Түмен облысы.jpg

Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек барды

Түркістан қаласына Өзбекстан Республикасының президенті Ш.Мирзиёевтің тапсырмасы аясында үш жүк көлігімен гуманитарлық көмек барды.

Керуенді Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов қарсы алып, өңір тұрғындары атынан алғыс айтты.

Көрші елден 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует келген.

Украинадан Қазақстанға 15 тонна гуманитарлық көмек келді

15 тамызда Киевтен Нұр-Сұлтанға коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге байланысты гуманитарлық көмек келді.

Дәрілік заттардың арасында «Меропенем» инъекциясына және «Левофлоксацин» инфузиясына арналған ерітінді бар. Жалпы саны 80 мыңнан астам флаконды құрайды. 

Елге келген 15 тонналық жүктің жалпы құны шамамен 87 миллион теңгені құрайды.

Гуманитарлық көмекті #KustoHelp қайырымдылық қоры Қазақстанның Украинадағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Жоба Украинада орналасқан Kusto Agro компаниясының арқасында жүзеге асырылды.  Осылайша, шетелдегі қазақстандық бизнес өкілдері пандемиямен күресуге өз үлесін қосып, отандастарына көмек қолын созды.

Польша Қазақстанға гуманитарлық көмек жөнелтті

Польшадан отандық «SCAT» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен елімізге гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді.

 Польша.jpg

Гуманитарлық жүкте «Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскалар (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлері (ноутбуктер) қамтылған.

Коронавирус: Вьетнам Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі басшылығының келісімі бойынша Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысы (Вьетнам Парламенті) елімізде коронавирустың таралуына қарсы гуманитарлық көмек ұйымдастырды.
Вьетнамдық парламентшілер гуманитарлық көмек ретінде жіберген жеке қорғаныс құралдары Атырау облысындағы медициналық мекемелерге жіберілді. Аймақтағы медициналық ұйымдарға уақтылы жеткізу және таратуды Мәжіліс пен Сенат депутаттары бақылауына алды.

COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Корея Республикасы Үкіметі Қазақстанға 800 мың АҚШ доллары тұратын гуманитарлық көмек жіберді.

Корея.jpeg 

Гуманитарлық көмек көрсету рәсімі осымен екінші рет өткізіліп отыр. 425 мың АҚШ доллары сомасындағы ПТР-тест жинақтары түріндегі гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы қазан айында Қазақстанға жеткізілген болатын. Бүгін, шамамен бір сағаттан кейін Алматыға ДДҰ арқылы сатып алынған 300 000 АҚШ доллары сомасына 72 оттегі концентраторы мен пациенттерге арналған 50 монитор келеді. Ал гуманитарлық жүктің үшінші партиясы ертең, 12 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайына Корея Республикасының Үкіметі ұсынып отырған 75 000 АҚШ доллары сомасына 111 000 kf94 (FFP2 стандарты) қорғаныс маскаларының келуі жоспарлануда. Корея Республикасы Үкіметі берген уәдесінде тұрып, Қазақстанға 800 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмегін көрсеткені үшін қуаныштымын, - деді салтанатты іс-шара барысында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок.

Корея Республикасының елшілігі гуманитарлық көмектен бөлек, COVID-19 салдарынан қандай да бір қиындыққа тап болған топтарға түрлі қайырымдылық шараларын өткізді. Атап айтсақ, Қарттар үйіне, балалар үйіне және басқа да ұйымдар

Пәкістан 60 мың дәрі қорабын жіберді

Пәкістан Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмектерді жолдады.

Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі Қазақстанның Исламабадтағы Елшілігіне коронавирус індетін емдеу кезінде пайдаланылатын гидроксихлорохиннің 60 мың дәрі қорабын табыстады. 

Еске сала кетейік, Twitter-дегі парақшасында Мемлекет басшысы Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрі ұсынғаны үшін Пәкістан Үкіметіне және Премьер-министр Имран Ханға @ImranKhanPTI алғысын білдірді.

Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді

Республика ішінде COVID-19 инфекциясының таралуын тежеуге және вируспен алдыңғы шепте күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға арналған қорғаныс костюмдері бар. Гуманитарлық көмек Израильдің МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінен бағытталған.

COVID-19. Еуроодақ Қазақстанға гуманитарлық көмек берді

Осы жылы қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстанға Еуропалық Одақтың (ЕО) гуманитарлық көмегін жеткізді. Алматы қаласына COVID-19 пандемиясымен күресте Қазақстан үкіметін қолдау шаралары шеңберінде медициналық маскалармен, халаттармен және зертханалық зерттеулерге арналған бұйымдармен 8317 кг жүк келіп тұсті

 еуроодақ.jpeg

Былтырдан бері гуманитарлық көмек қолын созған елдер қатары осы. Бұдан басқа да елдерден келді. Тіпті бүгінгі күнге дейін де шетелден медициналық құрал-жабдықтардан көмек жеткізіп жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан да өз тарапынан бірнеше елге гуманитарлық көмегін жіберіп, қиын кезеңде қолдау көрсетіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы