«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті

16 Наурыз 2021, 22:22
2389
Бөлісу:
«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Ән-жырым - Сарыарқа» атты Наурыз мерекеcіне арналған концерті өтті.

«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті

Концерттің мақсаты – күн мен түн теңеліп, Жер-Ана бусанып, өзен-көлдер мұз құрсауынан босап, айдынға аққу-қаз оралып,  жайма-шуақ күн орнап, тіршілік жаңарғанын, туған-туыс ағайын, бір – бірімен қауышып,  аман-саулық сұрасып, татулықтың, береке-бірліктің, ырыс-ынтымақтың мерекесінің келгенін көрсету.

«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті

Ұлттық мерекені тойлауда филормонияның үздік өнер иелері халыққа керемет көңіл сыйлады. Наурыз мейрамына қарсы ұйымдастырылған концерттің негізгі мақсаты халыққа рухани азық беру. Сонымен қатар қазақтың дәстүрлі аспаптық және әншілік өнерімен сусындату. Себебі осы кеште өнер көрсетететін әншілер ҚР мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, Күнсұлу Тұрлыбекова, Шығыс Махан (сыбызғы, пан флейта). Республикалық байқаулардың лауреаттары Тельман Нұркенов, Берік Омаров, Данияр Мұқан, Нұржан Мейірхан, Айдос Оңғарбай, Жандос Иманбай, Омар Райхан (Саз сырнай) секілді дәстүрлі әншілер бар - дейді «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.

«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті

Думанды наурыз мерекесінде Б.Айсын «Наурыз күйі», Қайрақбай «Тел қоңыр», Б.Дөненбай «Жеке батыр», Д.Рақышев «Наурыз тойы», А.Жұмашев «Наурыз вальсі» сынды шығармалар көрермен жүрегіне жол тартты.

«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті

Тәуелсіздің 30 жылдығымен қатар келген тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке екені сөзсіз.

«Ән-жырым – Сарыарқа» атты концерт өтті

Өзгелердің жаңалығы