Әлихан Бөкейханның өмірі және шығармашылығына арналған іс-шара өтті

18 Наурыз 2021, 09:48
3270
Бөлісу:
Әлихан Бөкейханның өмірі және шығармашылығына арналған іс-шара өтті
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстанда қазақтың белгілі қоғам қайраткері, этнограф, публицист және «Алаш» партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның өмірі және шығармашылығына арналған арнайы іс-шара өтті.

Жиынның басты мақсаты ұлы тұлғаның мұрасы мен өнегелі өмірін кеңінен таныстыру арқылы Қазақстанның мәдени, ғылыми мұрасын насихаттау. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы.

 Іс-шараны жүргізген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Зарқын Тайшыбай алдымен ұлт қайраткерінің атқарған еңбектеріне тоқталды. Алаш партиясын құру кезінде басы-қасында болуы, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі жайлы баяндады.

Ғасырға жуық уақыт бұрын қазақ елін дербес етеміз, өз даму жолы бар мемлекет құрамыз деген идея біріктірген азаматтар шоғыры болды. Солардың басында Әлиханов Бөкейханов тұрғаны белгілі. Көп іс атқарды. Ең бастысы ел игілігі үшін аянбай қызмет еткен тұлға. Ал оның еңбегі ұрпаққа мұра, - деді ҚР Ұлттық академиясының академигі, тарихшы Зарқын Тайшыбай.
али3.jpeg

Сондай-ақ, Әлихан Бөкейханның тізе қосып бірге қызмет еткен қызылжарлық Алаш қайраткерлері жайлы да баяндалды. Ел болашағы үшін елеулі үлес қосып, қазақ халқын бірлікке шақырған, өшпес рухани мұра қалдырған айтулы азаматтардың өмірі мен еңбегі туралы облыстық архив қызметкері баяндама жасады.

али2.jpeg

Әлихан Бөкейхан «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының басшылығына келіп, ұлттық мемлекетті қайта жаңғырту қажеттілігі идеясының негізін қалап, мақсатқа жету мен негізгі міндеттерін айқындады. Әлихан Бөкейхан кезінде қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуын, оның ары қарай дамуы мен гүлденуін қаматамасыз ету мақсатындағы іс-әрекеттері ұлттық тарих шежіресінде алтын әріптермен жазылды. Бұл «Алаш» қозғалысы көшбасшысының ұлт тарихындағы рөлін айқындайды. Алаш идеясы көзі ашық, көкірегі ояу ұлт зиялыларының басын қосты. Солардың қатарында   Мағжан Жұмабаев, Жұмағали Тілеулин, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ережеп Итбаев, Айдархан Тұрлыбаев сынды қызылжарлық қайраткерлер де болды. Осы қозғалыстың бас идеологы Мағжан Жұмабаев десек артық емес. Оның жырлары ұлттық сананы оятты, - дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қызметкері Назерке Рамазанова.
али4.jpeg

Жиын барысында тарихшылар «Әлихан Бөкейхан – ұлт тәуелсіздігінің жаршысы», «Әлихан Бөкейхан – ұлт көсемі» деген тақырыпта баяндама жасады. Жиын соңында қонақтар «Алаштың асылы» атауымен ұйымдастырлған көрмемен танысты. Мұнда Әлихан Бөкейхановтың еңбектері мен жайлы жазылған шығармалар қойылған.



Өзгелердің жаңалығы