Жаңалықтар
-
-
"42 500 теңге" төлемге өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау басталды.
17.07.2020
-
Елімізде IT-мамандарға жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Бизнес пен экономика салаларын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Экономиканы цифрландырудың басты қозғаушы күші ретінде 10 технологиялық платформа іріктелді.
17.07.2020
-
Назарбаев металлургтерді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің 2003 жылдың 15 қарашадағы жарлығы бойынша шілденің үшінші жексенбісі металлургтер күні ретінде аталып өтіледі. Биыл бұл кәсіби мереке 19 шілдеге түсіп отыр.
17.07.2020
-
Атырау облысында әлеуметтік жағдай бірқалыпты – облыстық басқарма басшысы
Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Атырау халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға жергілікті әкімдікпен қатар кәсіпкерлер, еріктілер де қол ұшын беріп жатыр. Елімізде індет басталғалы табысынан айырылғандар, күн көрісі төмендегендер аз емес. Алайда, мемлекет тарапынан қолдау тоқтаған емес. Осы жұмыстарды үздіксіз ұйымдастырып отырған Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Серік Қамидолламен сұхбаттасқан едік.
17.07.2020
-
Ханс Клюге: ДДСҰ COVID-19 індетін жіктеу үшін жаңа кодтар енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа бойынша аймақтық директоры доктор Ханс Клюге бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде жолдаған бейнежолдауында айтты.
17.07.2020
-
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері 4,7 млн теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әкімдіктің бұрынғы қызметкері 4,7 млн теңгені жымқырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Біржақсынов "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.
17.07.2020
-
Коронавирус. Қазақстандағы жағдай жақсарып келеді – ДДСҰ өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, дәрігер Дорит Ницзан бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде жолдаған бейнежолдауында айтты.
17.07.2020
-
Жарты жыл ішінде пневмониямен ауырғандар 3,3 есеге артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 15 шілдесі аралығында Қазақстанда пневмониямен ауырған 234 187 адам тіркелген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "ҚР КВИ бойынша статистикалық деректер және есепке алудың жаңа тәсілдері" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
17.07.2020
-
200 млн теңге. МӘСҚ және СҚ "Фармация". Сотқа дейінгі тергеу кімдерге жүргізілуде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Біржақсынов "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте сотқа дейінгі тергеу кімдерге қатысты жүргізілгенін айтып өтті.
17.07.2020
-
Сұлтанның төрт әйелі болыпты... – Әлия Назарбаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram-дағы парақшасында төрт әйел туралы тәмсілді жариялады.
17.07.2020
-
COVID-19-дың статистикалық мәліметтер есебін таратуда жаңа әдістер белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "ҚР КВИ бойынша статистикалық деректер және есепке алудың жаңа тәсілдері" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
17.07.2020
-
Дәріні қымбатқа сатқандарға 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандарға 194 460 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.
17.07.2020
-
42 500 теңге: Проактивті тағайындау туралы SMS-ке қалай жауап беру қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады. Осылайша 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті.
17.07.2020
-
Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 480 көлік тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарының атына ҚР аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.
17.07.2020
-
Оңтүстікте аптап ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-20 шілдеде оңтүстік циклонның шығуы Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
17.07.2020
-
Қостанай облысында үш локдаун енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында үш бірдей аптаның сенбі-жексенбі күндеріне локдаун енгізілді. Бұл туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьянов хабарлады.
17.07.2020
-
Иммунитетіңізді көтеріп, ұзақ жасағыңыз келсе, қымыз ішіңіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғалымдар коронавирус кезінде иммунитетті көтеру үшін қымыз, шұбат, айран сияқты қазақтың ұлттық сусындарын ішуге кеңес береді.
17.07.2020
-
2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2020 жылы "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.
17.07.2020
-
Ресейлік КВН жұлдызы тағы да қазақша ән айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КВН арқылы танымал болған ресейлік шоумен Азамат Мұсағалиев ана тілінде ән шырқап, жанкүйерлерін қуантып қойды.
17.07.2020
-
Дәрігерлер 134 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті
Алматы, BAQ.KZ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жүктілігіне 25 апта болған 34 жасар әйел ауыр күйде түсті. Дәрігерлер салмағы 527 грамм нәрестенің өмірі үшін күресіп, оны аман алып қалды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
17.07.2020
Наверх