Әлем бойынша коронавирус көрсеткішінің жаңа рекорды тіркелді

16 Қараша 2020, 13:21
1138
Бөлісу:
Әлем бойынша коронавирус көрсеткішінің жаңа рекорды тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн ішінде ДДСҰ коронавирусты жұқтырудың рекордтық көрсеткішін тіркеді. Сарапшылар жаңа инфекциялардың ең көп саны тіркелген күндерді атады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары пандемия басталғаннан бері бір күнде COVID-19 жаңа жағдайларының рекордтық санын тіркеді. Жексенбіде коронавирустың 660 905 жағдайы анықталды, деп жазады DW.

Бұған дейін жұма күні вирус жұқтырғандар саны бойынша рекордтық көрсеткіш   645 410  науқас тіркелген еді. 
ДДҰ мәліметтері бойынша, соңғы тәулікте планетада коронавирус  инфекциясының жаңа түрін жұқтырудың 594 мың жағдайы анықталды.

Анықталған COVID-19 жағдайларының жалпы саны 53 766 728-ге дейін өсті.

Әлемде коронавирустан қайтыс болған адам саны 1 308 975-ке жетті. 

ДДҰ мамандары коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларының ең көп саны тіркелген тенденцияны анықтады. Бұл - жұма, сенбі, жексенбі, сейсенбі және сәрсенбі.

Өзгелердің жаңалығы