Перу президенті бір апта ғана ел басқарып, отставкаға кетті

16 Қараша 2020, 14:28
1787
Бөлісу:
Перу президенті бір апта ғана ел басқарып, отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қарашада ант берген мемлекет басшысы 15-і күні отставкаға кетті, деп хабарлады korrespondent.net.

Перу Президенті Мануэль Мерино отставкаға кетті. Өз қызметінде ол бір апта ғана отырған. Саясаткер бұл шешімді экс-президенттің сыбайлас жемқорлыққа қатысты  шеттетілуінің нәтижесінде туған наразылық  акциясы кезінде екі азаматтың  қайтыс болғанынан кейін қабылдады, деп жазады ТАСС.

Перу ең ірі саяси дағдарыс кезеңін бастап кешіріп  жатқан кезде мен республиканың президенті қызметінен кету туралы өтініш бергенімді бүкіл елге жеткізгім келеді... Мен барлық перуандықтарды бейбітшілік пен бірлікке шақырамын, - деді Мерино ұлттық теледидар эфирінде.

Айта кетейік, Парламент экс-президент Вискарраның сыбайлас жемқорлық айыптары үшін қызметінен шеттетуге дауыс бергеннен кейін демонстранттар көшеге шыққан. Президент болып Конгресс спикері Мануэль Мерино тағайындалды, ол 10 қарашада жаңа мемлекет басшысы ретінде ант берген еді.

Өзгелердің жаңалығы