Елордада бірыңғай тұрғын үй орталығы ашылды

16 Қараша 2020, 15:25
1842
Бөлісу:
Елордада бірыңғай тұрғын үй орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары үшін тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Мұндай орталықтардың ашылуы жұмысты жүйелендіруге және «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Бұл орталықта тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік, жалға берілетін пәтерлер бойынша және т. б. мәселелерге қатысты кеңес алуға болады. Бұл орталық қала тұрғындары үшін ыңғайлы, себебі олар тұрғын үй мәселелері бойынша қаланың әр ауданында орналасқан инстанцияларға бармай-ақ бір жерден кеңес ала алады.

Орталықта тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс атқарады. Бөлінген аумақтың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады, қызметтерді арнайы мамандар көрсетеді. Күн сайын орталық 300-ден астам қала тұрғынын қабылдайды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты. Мұндай орталықтардың ашылуы жұмысты жүйелендіруге және "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Өткен жылдың жазында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды, онда мамандар қала тұрғындарына әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. Осы уақыт ішінде орталыққа 40 мыңға жуық адам жүгініп, көмек алды, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы