Түркістанға ұшақтар қашан қатынайтыны белгілі болды

16 Қараша 2020, 14:03
1792
Бөлісу:
Түркістанға ұшақтар қашан қатынайтыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  Түркістанға әуе рейстері қашан ашылатынын айтты. 

Әуежай салынды. Толық қолданысқа берілді деп айтуға болады. Керемет әуежай. Барлық стандартқа сай. Ал ұшу рейстеріне келетін болсақ, оның бәрі пандемияға байланысты болып отыр. Бірінші Түркияға ұшатын болады. Кейін бәрі дұрысталса, Меккеге де рейстер ашылады. 1 желтоқсанынан бастап ішікі рейстер қосылады. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына әуе рейстері ұшуды бастайтын болады, - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Ол сонымен қатар Түркістан облысында 43 табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге 14 млрд теңге бөлініп, жылдың қорытындысымен 20 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталатынын айтты.

 

2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының аудандардағы 802 елді мекенді 95% немесе 1,9 млн халық 99,8% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Табиғи газға қосылған елді мекендердегі тұрғындарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 56 нысанның құрылысына 18,9 млрд теңге қарастырылып, қамту деңгейі 82,7% құрайды. Соның ішінде, 35 нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысымен, 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылса, 6 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. 2 018 100 халқы бар Түркістан облысында 843 елді мекен, оның ішінде, 7 қала мен 836 ауылдық елді мекен бар. Облыс бойынша 843 елді мекеннің 678-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Атап айтсақ, қалалар - 97,9 %, ауылдық елді мекендер – 91% құрайды, - дейді әкім. 

Еске сала кетейік, осыған дейін облыс әкімі 31 млн долларға салынған стадионға қатысты түсінік берген еді.

Өзгелердің жаңалығы