Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қармақшы ауданында «Ақжар-Көмекбаев» тас жолының бойында автокөліктің жүк салғышынан 2 дана полиэтилен пакетке оралған есірткі заты алынды.
Сараптама қорытындысы бойынша 1 кг жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.
Бүгінгі күні күдікті Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.