Алдағы уақытта -26 градус аяз болады

16 Қараша 2020, 11:50
1828
Бөлісу:
Алдағы уақытта -26 градус аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 17-19 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Орталығы Самараның үстінде орналасқан Солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигіеді. Кей жерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады, бірақ антициклонның әсерінен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік
аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендейді. 

Еліміздің кей жерінде тұман, оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік бөлігінде – бұрқасын болады.

Өзгелердің жаңалығы