Жаңалықтар
-
-
Қостанайда үш жыл бұрын өлген адамның мәйіті құбырдан табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласының ПБ кезекші бөліміне қоңырау түсті. Жеке үйдің иелері септиктен адамның қаңқасын тапқанын хабарлаған. Ерлі-зайыптылар жағымсыз иісті сезіп, кəрізді тазартпақ болған. Алайда күтпеген жағдайға тап болып, тез арада полицияға хабар берген.
28.10.2020
-
Түркістан жасыл қалаға айналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында жасыл белдеу қалыптастыру мақсатында биыл 2400 гектар жерді игеру жоспарланып, жыл басынан бері қала маңындағы 1234 гектар жерге 769 мың түп көшет егілді.
28.10.2020
-
Елордадағы ірі сауда орындары карантин талаптарын бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау басқармасы, жергілікті полиция қызметі және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері кезекті рейдке шықты. Бұл жолы бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді.
28.10.2020
-
Қазіргі кезде мемлекеттік органдарға зор жауапкершілік жүктелді - депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.
28.10.2020
-
Қазақстанда жасалған вакцинаны зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28.10.2020
-
Қазақстан Президентіне 4 жылда 25 мың өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсіновты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28.10.2020
-
Astana Open. Михаил Кукушкин финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP 250 Astana Open турниріндегі жарыс жолын жеңіспен бастады. Ол бүгін Аргентина құрамасының сапында Дэвик Кубогын жеңген, әлемнің 76-ракеткасы, аргентиналық Федерико Дельбонистен басым түсті.
28.10.2020
-
Степногорск әкімдігінде қаржы жымқыру фактілері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Степногорск қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
28.10.2020
-
Жетісайда 115 мың тонна мақта жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданындағы мақта алқаптарында жиын-терім жұмыстары қызу жүруде. Қазіргі таңда диқандардың қоймасына 115 мың тонна мақта жиналды.
28.10.2020
-
Жамбыл облысы толықтай таза ауыз сумен қашан қамтылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы бес жылда Жамбыл облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілетін болады.
28.10.2020
-
Бейнежетондарды пайдалану ережелеріне қоғамдық бақылау жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Антикор» орталығында «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің бейнетіркегіштердің пайдалануына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы жиын өтті.
28.10.2020
-
Шиелі ауданы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына үлес қосып келеді – әкім
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шиелі ауданында мемлекеттік бағдарламалар тиімді іске асырылып жатыр ма? Өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті қандай? Осы мәселелер турасында Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараковпен сұхбаттасқан едік.
28.10.2020
-
Кеңестік төлқұжатпен жүрген 236 адам жеке куәлік алды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарда бүгінгі күнге дейін «қызыл» төлқұжатпен жүрген 236 адам құжаттандырылды. Олар осы күнге дейін ескі құжаттармен өмір сүріп келген.
28.10.2020
-
Абақтыға тыйым салынған зат кіргізбек болған әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде орын алған.
28.10.2020
-
Түркістанда бірнеше ұрлық жасаған қылмыстық топ құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арыз түсірген. Оның айтуынша аудан көшелерінің бірінде орналасқан ойынханасына белгісіз тұлға жасырын түрде кіріп, 4-дана ойын құрылғыларын ұрлап кеткенін көрсеткен.
28.10.2020
-
Ұлыбритания мен Италияда ковидтен көз жұмғандардың саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 28 қазанда Ұлыбританияда мамыр айынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың өлім-жітімінің рекордтық өсімі тіркелді, жұқтырғандар ішінен 367 адам қайтыс болды.
28.10.2020
-
Қаржы саласы ерекше ашықтық пен қолжетімділікті талап етеді – Шпекбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қаржы министрлігі басшылығының кездесуі өтті.
28.10.2020
-
Психиатр, психотерапевт және психолог қызметі енді қолжетімді болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Николай Негай айтты.
28.10.2020
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін egov.kz бұрышы ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін «Галерея» сауда ойын-сауық орталығында электрондық үкіметтің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.
28.10.2020
-
BaigeNews.kz «Very nice!» бейнероликтер байқауын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BaigeNews.kz редакциясы Қазақстан туралы ең үздік «Very nice!» бейнеролигіне байқау жариялады.
28.10.2020
Наверх