СҚО: Есіл арнасынан асуы мүмкін

29 Наурыз 2021, 08:38
1447
Бөлісу:
СҚО: Есіл арнасынан асуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Солтүстік Қазақстан облысында сәуірдің алғашқы он күндігінде Есіл өзеніндегі судың деңгейі көтеріледі. Қазгидромет мамандары осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Ал өңірдегі Сергеев су қоймасына шамамен екі миллиард текше метрден астам су келеді деп күтілуде. Бұл қалыпты жағдайдан 60 пайызға көп. Ерке Есіл арнасынан асса, 30 елді мекенді су басып қалуы мүмкін. Бұдан бөлек өңірдегі Үлкен Тораңғұл көлінен де қауіп бар. Осыған байланысты қазіргі таңда су айдындарында мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілеті су қоймасында судың көп жиналуына байланысты Уәлиханов ауданы мен Есіл ауданындағы Үлкен Тораңғұл көлінен қауіп жоғары. Оның үстіне қазір қардағы ылғал қоры өте көп. Мәселен, 2016 жылмен салыстырсақ ол 18 пайызға артық, – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Наталия Левина.

Өзгелердің жаңалығы