Елордада темекі салдарынан тұрғын үйде өрт шықты

29 Наурыз 2021, 09:45
1996
Бөлісу:
Елордада темекі салдарынан тұрғын үйде өрт шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Алатау» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ТЖД мәліметінше, 28 наурызда 23 сағат 33 минутта Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметіне «Алатау» тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Шақырту орнына 6 техника мен 29 жеке құрамнан тұратын өрт сөндіру топтары жедел түрде барды. Өрт сөндірушілердің келуі бойынша пәтер толығымен жалынға оранғаны анықталды. Өрт 00 сағат 15 минутта сөндірілді, 40 ш.м аумағында жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді, - делінген хабарламада. 

Өрттің шығуының алдын ала себебі: төмен калориялы от көзі, сөндірілмеген темекі. 


Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 

Құрметті азаматтар, Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті  өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тағы да кеңес береді! Тұрмыстық өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі - темекі шегу кезінде отқа ұқыпсыз қарау, біз тұрғындарды сақтық пен қырағылыққа шақырамыз, - деді ТЖД.

Еске сала кетейік, өшірілмеген темекі үлкен зиян келтіріп, сонымен бірге өлімге әкелуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы