Есіл өзенің арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде - Көлгінов

28 Наурыз 2021, 21:31
1669
Бөлісу:
Есіл өзенің арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде - Көлгінов

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ.KZ. Көктемгі су тасқыны жағдайын ескере отырып, Есіл өзенінің арнасын қайта құру мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов instagram-дағы парақшасында жазды.

Атап айтқанда, арна түбін тереңдетіп, жағалауды нығайтып, бөгет салып жатырмыз. Жобаны іске асыру судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, өзендегі су деңгейін реттеуге және су тасқыны кезеңінде қаланы қауіпсіздендіруге ғана емес, сонымен қатар келесі жылдары да судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеме қатынасының дамуына ықпал етеді,-дейді ол.

Сонымен қатар, қала су қоймасының жоспарлы жұмыс кестесі бекітілді. 

Былтыр күзден бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су төгетін құрылғысы бар қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл реттеушінің өткізу қабілетін арттырады,-дейді Көлгінов.

Сондай-ақ  қалада су тасқынына қарсы басқа да шаралар жүргізілуде: арық-науа желілерін тазарту, нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қарды жинау және шығару. 

Биыл қысқы маусымда 5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Қазгидрометтің мәліметінше, топырақтың қату тереңдігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары, яғни су басу қаупі жоғары. Ауа-райын ескере отырып, елді-мекендерге ерекше назар аударуды тапсырдым.Су тасқынын алдын алу, оның салдарын жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді,-деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы