Бартокка тарту жалғасын тапты

28 Наурыз 2021, 23:29
1256
Бөлісу:
Бартокка тарту жалғасын тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеті өзінің тыңдармандарына «Под знаком Белы Бартока» атты Бартокка тарту циклының жалғасын тарту етті.

Бартокка тарту жалғасын тапты

Классикалық жанрдағы музыкаларымен тыңдармандарын қуантып, өздерінің сан қырлы таланттарымен ерекшеленетін топ әр кезеңді және заманауи туындыларымен қатар, бір-біріне ұқсамайтын өзгеше кештерді ұсынуда.

Бартокка тарту жалғасын тапты

Концерттің бірінші бөлімі өз заманында музыкаға керемет серпіліс алып келген венгриялық талантты композитор - Бела Бартокқа арналса, екінші бөлімі немістің ұлы композиторы – Иоганесса Брамсқа арналды. 

Бартокка тарту жалғасын тапты

Кеште керемет өнер иесі, танымал ресейлік кларнетші, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі-Артур Назиуллин қонақ болды. Ол өз заманындағы үздік ондық кларнетшілер қатарында.

Өзгелердің жаңалығы