Жаңалықтар
-
-
«Еңбек» бағдарламасы. Студенттерге ыстық тамақ, шәкіртақы, тегін жолақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының жұмыс барысы туралы» тақырыбында ұйымдастырылған онлайн брифинг кезінде «Еңбек» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.
29.10.2020
-
Құл-Мұхаммед: Академик Зимановтың 100 жылдығы елеусіз қалмау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Академик Салық Зимановтың туғанына келесі жылдың ақпан айында 100 жыл толады. Алайда, осы бір айтулы дата Үкіметтің алдағы жылы атап өтетін мерейтойлар тізбесінен тыс қалған. Осыған орай Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған бір топ сенатор премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады.
29.10.2020
-
Бүгін Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын қазан айының 29 күні Дүниежүзілік инсультпен күресу күні аталып өтіледі. Бұл күнді 2006 жылы Дүниежүзілік инсультпен күресу ұйымы осы ауруға қарсы күресуге белсенді әрекет жасауға шақыру мақсатында белгілеген.
29.10.2020
-
Журналистерді аккредиттеудің жобасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазанда әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциясы бар «Жаңа репортер» алаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Журналистерді аккредиттеу ережелерінің жаңа жобасын таныстырды.
29.10.2020
-
Сенат індетпен күресуге қосымша 238 млрд теңге бөлуге келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке толықтыру мен өзгерту енгізу қабылданды.
29.10.2020
-
Елордада санитарлық талаптарды бұзған нысандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметi басқармасының бастығы Госман Жакин Нұр-Сұлтан қаласында каратин талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтердің қорытындылары туралы онлайн брифингте айтты.
29.10.2020
-
Теңге бағамының әлісеруіне не себеп?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов түсініктеме берді.
29.10.2020
-
Елордада науқастар санының өскені байқалады - Бас санитарлық дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтердің қорытындылары туралы онлайн брифингте айтты.
29.10.2020
-
Түркістан облысында 173 132 зейнеткер бар
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облыстық Статистика департаментінің мәліметінше, осы жылдың 1 қыркүйегінде күнгейдегі халық саны 2 036 029 адамға жеткен. Екі миллионнан асатын халықтың қанша пайызы зейнеткер, қанша пайызы мүмкіндігі шектеулі азамат? Оларға мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер жасалып жатыр?
29.10.2020
-
ШҚО-да отандық маман алтайлық кәсіпкерлерге кеңес берді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алтай ауданындағы Першиндер отбасы осымен төртінші рет «Аға сеньор» жобасының көмегіне жүгініп, кәсіби мамандардың кеңестеріне құлақ асты. Бұл жолы ауданға отандық маман Светлана Өмірзақова барып қайтты.
29.10.2020
-
Қасымбек: Аймақта сумен жабдықтау бойынша 90 жоба іске асырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ұлытауда су тазарту құрылыстарын, ал Абай мен Қарабаста кәріз сорғы станцияларын салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
29.10.2020
-
ШҚО-ның Катонқарағай ауданында сүт өңдейтін зауыт ашылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Катонқарағай ауданының Ново-Хайрузовка елді мекенінде сүт өнімдерін шығаратын шағын май зауыты салынады.
29.10.2020
-
Еліміздің сегіз өңірінде жолдар халықаралық IRAP жүйесі бойынша бағалануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жол қауіпсіздігін бағалаудың International Road Assessment Programme халықаралық жүйесін енгізу жұмысы қарқын алған.
29.10.2020
-
Алматыдағы Түрксіб ауданында өзен арналарын тазарту жұмыстары жалғасуда
Алматы, BAQ.KZ. Жаз басталғалы бері аталған ауданда 93 мың текше метр қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Facebook-тегі парақшасында жазды.
29.10.2020
-
ШҚО. Жыл басынан бері жемқорлық әрекетіне барған 87 тұлға жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Үстіміздегі жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тіркеген 165 қылмыстың 86 пайызы пара алумен, қызметін асыра пайдаланумен және бюджеттің қаражатын жымқырумен байланысты қылмыстар болған.
29.10.2020
-
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйден шығу үшін француздарға жазбаша куәлік қажет. Алайда, олар жұмысқа, ауруханаға және дүкенге бара алады, сонымен қатар үйдің жанында серуендеуге рұқсат етіледі.
29.10.2020
-
COVID-19: Қарапайым ережелерді сақтаудың өзі маңызды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустық инфекцияның қайта өршуі сақтық шараларын күшейтуді талап етіп отыр. Осы орайда Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Нариман Сыздықов өңірде атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып берді.
29.10.2020
-
Орталық Азия елдері мен Үндістан ынтымақтастықты тереңдетуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция режимінде Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен «Орталық Азия – Үндістан» диалогының екінші отырысына қатысты.
29.10.2020
-
COVID-19: 287 бала ем қабылдап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 201 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
29.10.2020
-
Өкпе қабынуы диагнозымен 174 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 29 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
29.10.2020
Наверх