Жаңалықтар
-
-
Атырауда туберкулезді анықтауда инновациялық технологиялар енгізілген
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы туберкулез ауруы бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалы күрделі аймақтың бірі. Дегенмен өткен жылдары ауру көрсеткіші төмендеген екен. Сондай-ақ дәрігерлер балалар арасында да өкпе ауруы өршіп тұрғанын айтады. Оған ата-аналардың екпеден бас тартуы да себеп дейді олар.
31.03.2021
-
Балаева: Қазақ елі тағы бір төбесі биік тарланынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Шот-Аман Уәлиханның қазасына байланысты көңіл айтты.
31.03.2021
-
Елордалық І курс студенттері қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева офлайн режимде оқыған І курс студенттері 11 сәуірге дейін қашықтан оқытуға форматына ауысқанын айтты.
31.03.2021
-
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, тағзым етуге жергілікті шенеуніктер кедергі келтірмесін – Мәжіліс депутаты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов өткен жылдың аяғында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтіп, бұл бастаманы Президент Қ.Тоқаев былтырғы 31 мамырда жариялағанында «Ақ жол» фракциясы бірден қолдап, 3 маусым күні жолдаған депутаттық сауалында өзінің нақты ұсыныстарын жібергенін айтып, депутаттық сауал жасады.
31.03.2021
-
Тоқаев ғылым мәселелеріне қатысты заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
31.03.2021
-
Төртінші тоқсандағы БЖБ мен ТЖБ-ны өткізу туралы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева IV тоқсанда оқушыларды қорытынды аттестаттауды өткізуге қатысты айтып берді.
31.03.2021
-
Алматының бизнес қауымдастығы вакцинациялауға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Іскерлік кеңесіне қатысушыларымен бизнес қауымдастықты қолдау және алдағы вакциналау науқанына дайындық мәселелерін талқылады.
31.03.2021
-
13 жыл бұрын күресті қойып кеткен 40 жастағы балуан Олимпиада жолдамасы үшін күреседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Георгий Цурцумия Алматыдағы Азия құрлығы бойынша Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысатын болды.
31.03.2021
-
IV тоқсан: Елорда оқушылары қалай оқиды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева төртінші тоқсанда оқушылардың қалай оқитынын айтты.
31.03.2021
-
Абылай ханның ұрпағы дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР мемлекеттік Елтаңбасының, Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы Шот-Аман Уәлихан 89 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
31.03.2021
-
Ел чемпионаты. Түркістан Қызылорда құрамасын 17:1 есебімен жеңді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күннің ақырғы ойыны да өз мәресіне жетті. Кеше де СҚО құрамасын айқын басымдықпен ұтқан түркістандықтар бүгін Қызылорда құрамасын «шайнамай жұтты».
31.03.2021
-
Түркістан: ағын су мәселесі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 19 маусымда киелі Түркістан қаласына үш жыл толады. Бүгінде қала адам танымастай кейіпке еніп, жаңаша шығыс стилімен қарқынды дамып келеді. Осы ретте біз жаңа әрі көне қаланың экологиялық мәселесіне қатысты яғни ағын сумен қамтамасыз ету жағы қалай жүріп жатқаны жайында аз-маз шолу жасамақпыз.
31.03.2021
-
Алматыда мутацияланған штаммдардың пайда болуымен вирустың тарауы өрши түсуде – СЭБД
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалада мутацияланған штамдардың тарап жатқанын мәлімдеп, алматылықтарды қорғану шараларын күшейтуге шақырады.
31.03.2021
-
Пандемия кезінде мектеп директорларына айыппұл төлету қаншалықты қисынды – Мәжіліс депутаты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты депутаттық сауал жолдады.
31.03.2021
-
Еліміздің қай өңір тұрғындары етті көп тұтынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың төртінші тоқсанында бір үй шаруашылығына азық-түлік өнімдеріне орташа есеппен 319,4 мың теңге жұмсады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артық.
31.03.2021
-
Сәуірде тәуір бола ма. Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, яғни 1-3 сәуір күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
31.03.2021
-
Ел чемпионаты. Атырау СҚО-ны ойсырата ұтты
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған Көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатында Атырау облысының құрама командасы СҚО құрамасын айқын басымдықпен ұтты.
31.03.2021
-
Шынайы қауіп төніп тұр. Депутат Байқоңырға қатысты Маминге өтініш жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов премьер-министр Асқар Маминге Байқоңыр ғарыш айлағының қызметіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
31.03.2021
-
Жаңатасты ақ ұлпа қар басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жаңатас қаласын ақ ұлпа қар басты.
31.03.2021
-
Қызылордада тәулігіне 150 тонна күріш ақтайтын зауыт жұмыс істейді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысындағы «Жан-Арай» серіктестігінің зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш ақтап, 80 тонна құрама жем өңдеуге қауқарлы.
31.03.2021
Наверх