Қазақстан-Түркия арасындағы стратегиялық сессиялар басталды

3 Маусым 2021, 19:51
1193
Бөлісу:
Қазақстан-Түркия арасындағы стратегиялық сессиялар басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Түркия Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп ұйымдастырып отырған стратегиялық сессиялары басталды. Аталған сессиялар 2021 жылғы 3-4 маусымда онлайн-форматта өтеді.

Айта кетейік, іс-шараны өткізу туралы уағдаластыққа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның 2021 жылғы сәуірдегі Түркияға іс сапары барысында қол жеткізілді. Онда ол екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашан маңызды мән беретінін атап өткен болатын.

Қазақстан-Түркия арасындағы стратегиялық сессиялар басталды

Бүгін, 3 маусымда онлайн-іс-шаралар дін, жастар саясаты, азаматтық қоғамды дамыту және волонтерлік салаларында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылау бойынша өтті. Тараптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Республикасы Дін істері басқармасы арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша келісімге келді, - делінген хабарламада.

Қазақстан-Түркия арасындағы стратегиялық сессиялар басталды

Жастар саясатын іске асыру, азаматтық қоғам мен волонтерлікті дамыту мәселелерін талқылау барысында қазақстандық тарап жастар ресурстық орталықтарының жұмыс істеу тәжірибесі, Қазақстандағы азаматтық секторды қолдау шаралары туралы айтып өтті.

Қазақстан-Түркия арасындағы стратегиялық сессиялар басталды

Сонымен қатар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі түрік серіктестерін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы айтқан бастамасын қолдауға шақырды.

Тараптар бүгінгі іс-шаралардың қорытындыларын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту ісінде айтылған ұсыныстарды ескеруге дайын екендіктерін білдірді.


Өзгелердің жаңалығы