Щучинскінің сауда үйінде ер адам 17 жастағы баланы соққыға жықты

3 Маусым 2021, 21:34
3143
Бөлісу:
Щучинскінің сауда үйінде ер адам  17 жастағы баланы соққыға жықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинскте сауда орталығында жасөспірімді ұрып-соққан 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу оқиғасы Щучинск қаласының сауда үйлерінің бірінде орын алды. 

Ағымдағы жылдың 1 маусымда жәбірленушінің әкесі Бурабай ауданының полиция бөліміне арызданған. 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдікті дүкен кассасында сатып алу үшін сол кезде пайда болған кезекті айналып өтуге тырысқан кезде жанжал болғанын анықтады. 


Ер адамға кезекке тұру туралы өтінішпен Щучинск қаласының 17 жастағы тұрғыны жүгінді. Сөз қақтығысы барысында 30 жастағы жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған баланы дүкен фойесіне апарып, оған дене жарақатын салған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы