КВИ-мен күреске жұмылдырылған медқызметкерлерге байланыс пен интернет тегін ұсынылады

3 Маусым 2021, 20:49
1676
Бөлісу:
КВИ-мен күреске жұмылдырылған медқызметкерлерге байланыс пен интернет тегін ұсынылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов Beeline компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жасалған меморандум аясында мобильді оператор коронавирустық инфекциямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 30 Гигабайт интернет және Қазақстан Республикасы бойынша қоңырау шалуға 300 минут көлемінде тегін байланыс пен интернет ұсынады.

Үздіксіз байланыстың болуы карантин режимінде коронавирустық инфекциямен күресте жұмыстың ойдағыдай болуы негізгі факторларының бірі болып табылады. Ұялы байланыс пен интернетсіз іс-әрекеттерді жедел үйлестіру, туындаған мәселелерді шешу мүмкіндігін елестету қиын. Біз бизнес-компаниялар тарапынан осындай қолдау мен назарды бағалаймыз, өйткені мұндай бірлескен іс-қимылдар ортақ табыстың кепіліне айналуда, - деп атап өтті Қиясов.

Тегін интернет және ҚР кез келген ұялы операторларына қоңыраулар қосылған сәттен бастап бір ай бойы жарамды болады. ТЖ және карантиндік шектеулер кезеңінде Beeline 29 428 медицина қызметкерін тегін байланыспен қамтамасыз етті.

Өзгелердің жаңалығы