Маңғыстау мәселесі. Бір топ депутат Маминге хат жолдады

3 Маусым 2021, 18:26
10523
Бөлісу:
Маңғыстау мәселесі. Бір топ депутат Маминге хат жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысындағы қуаңшылыққа байланысты бір топ депутат Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминге арнай хат жолдады.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Маңғыстау облысындағы қуаңшылыққа байланысты өңірдің ауыл шаруашылық саласындағы жағдайдын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы №168 бұйрығымен құрылған жұмыс тобы, ағымдағы жылдың 26-30 мамыр аралығында Маңғыстау облысында іссапарда болып, аймақта орын алған проблемалармен танысып, жедел арада және алдағы уақытта іске асыратын шешімдерді жасақтады – делінген депутаттардың хатында.

Сондай-ақ депутаттар бұл мәселелердің ішіндегі ең маңыздысына айрықша тоқталған.

Оның ішінде, ең маңыздысы Маңғыстау облысында 2021 жылдың 01 маусымынан 01 қыркүйегіне дейін «төтенше жағдай» жариялау. Осыған орай, Маңғыстауда мал басын сақтап қалу мақсатында Үкіметтің тез арада шешімдер қабылдауын және ауыл шаруашылық секторына нақты көмектер көрсетуін сұраймыз – депті депутаттар.

Үкімет басшысына жолданған хатқа Е.Т. Жаңбыршин, С.Б. Мусабаев және А.Б. Бердалин қатарлы депутаттар қол қойған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау өңірінде қатты қуаңшылық болып, мал қырылып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы