«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

3 Маусым 2021, 20:21
2680
Бөлісу:
«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады
PHOTO

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық кәсіпкер Біржан Ділманов 7 жылдан бері қазақтың ұлттық аспаптарын жасап келеді.

Қызылорда қаласында «Нәтижeлi жұмыспен қaмту жаппaй кәсіпкерліктi дамытудың 2017-2021 жылдaрға арналған «Eңбeк» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп келе жатқандар көп. Сонымен қатар кәсіптің ерекше түрімен де айналысушылар қатары жетерлік. Кәсіпкер Біржан Ділманов та кәсіптің ерекше, алайда аса ыждағаттылықты қажет ететін істі қолға алған. Әке жолын қуған кәсіпкер 2019 жылы аталған бағдарлама аясында «Қазақтың ұлттық аспаптарын жасайтын шеберхана ашу» жобасы бойынша «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 14 млн теңге несие алған. Қазiр ол aймақтағы «Жетiген Сaз аспaптары» ЖШС дирeкторы.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Кәсіпкер алғашқыда Алматы қаласында ағасының домбыра жасау шеберханасында жұмыс жасап, уақыты өте келе, туып өскен жері Шиелі ауданына келіп, ұлттық аспаптар жасауды қолға алады.

Қызылорда қаласына келуіме облыстың бұрынғы әкімі Қырымбек Елеуұлы себепкер болды. Шиелі ауданында өткен көрмеге өз қолымнан шыққан аспаптарды алып шыққанмын. Сонда ол кісі «Мұндай кәсіп өңірде жоқ. Сондықтан кәсібіңді облыс орталығында жалғастырғаның дұрыс» деді. Содан кейін қалаға көшіп, кәсібімді осы маңда аштым. Жалпы бұл кәсіпті 2017 жылы ауылда әкемнің шеберханасында ашқанбыз. Оған дейін Алматы қаласында оқып, осы салада жұмыс жасап, әр шеберханада жұмыс жасап көрдім, - дейді Біржан Ділманов.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Біржан Ділмановтың әкесі де осы саланың маманы. Ол ұсталық қасиет нағашыларынан дарығанын айтады.

Анамның ағасы ұста болған кісі. Ол менің анама киіз үй жасап берген екен. Ол қара үй әлі күнге бар. Әкемнің де қолөнерден құр алақан емес. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды өзі жасап отыратын. Домбыра жасауды үлкен ағамыз қолға алып бастаған болатын. Сол уақыттан бері бұл ата кәсіп өз жалғасын тауып келеді. Өзім де ауданда домбыра жасауды кәсіп еттім. Қазір балам әке жолын қуып келеді, - дейді Базарбек Ділманов.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Ұста Біржан Ділманов мемлекеттік бағдарлама арқылы алған 14 млн теңге несиені 6 пайыздық мөлшерлемемен алған. Ол бұл қаражатқа аспапқа түрлі ою салатын лазерлік құрылғы, ағаш кесуге арналған құрал-жабдықтар алған. Сонымен қатар домбыраның сыртқы бетін әрлеуге арналған құрылғылар да шеберхана ішінен орын тапқан. Ұстаның айтуынша, бұл құрылғы шеберлердің жұмысын жеңілдетіп, ою-өрнектерді де дәлдікпен ойып, аспапты тартымды етеді.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Шеберханада 30-дан астам ұлттық аспаптардың түрлерін жасаймыз. Облыстағы 5 ауданның ансамбльдеріне аспаптар жасап бердік. Сонымен қатар республиканың өзге өңірлерінен де сұраныс түседі. Әсіресе Ақтау қаласы, Қостанай, Қарағанды облыстарынан тапсырыс берушілер көп, - дейді кәсіпкер.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Шебердің дүкеніндегі ең қымбат домбыраның бағасы – 450 мың теңге. Бұл домбыраны ұста өзі жасап шыққан. Аспаптың жасалуына 6 ай уақыт кеткен.

Дәл қазіргі уақытта дүкендегі ең қымбат домбыра 450 мың теңге тұрады. Оны бастан-аяқ өзім жасап шықтым. Аспап қымбат сұрыптағы «қара ағаш» деп аталатын африкалық ағаштан жасалған, - дейді ұста.

Кәсіпкер домбырадан өзге жетіген, қобыз, бас домбыра, қыл қобыз, прима қобыз және оркестрдегі басқа да аспаптарды жасайды.

Ұлттық аспаптар жасалтын болғандықтан, оның ағаштар барлық жерде сатылмайды. Үнемі сапалы ағаш іздеп жүреміз. Көбіне Алматы қаласынан алдырамыз. Онда арнайы аспап жасауға арналған ағаштарды сататындар бар. Жалпы, арнайы мекемелерден аламыз. Себебі олар ағашқа кепілдік береді, - дейді Біржан Ділманов.

Шебердің айтуынша, арзан домбыраны жасауға бір апта уақыт кетеді. Ал қымбат домбыраларға жырты жылға дейін уақыт жұмсалады. Мәселен, ұста өз қолына ұстаған 450 мың теңгелік домбыраны 6 айда бітірген.

Аталған бағдарлама аясында қызылордалық Назым Анарбекқызы да өз кәсібін кеңейтті.

Кәсіпкер 2019 жылы «Брусчатка өндіру» жобасы бойынша 10 млн теңге несие алып, қазіргі таңда ауқымды іспен айналысуда. Брусчатка шығару цехында 6 адам жұмыспен қамтылған.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Брусчатка шығару ісін 7 жыл бұрын өзім бастаған болатынмын. Алайда қаражаттың жоқтығынан істі тоқтаттым. 2019 жылы қызым сол істі қайта жалғау мақсатында кәсіпкерлікті қолдау мекемелеріне барып, кеңес алды. Осылайша 3 бұрын менің тоқтап қалған ісім қайта жалғасын тапты. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталық» арқылы алынған несиеге цех салынды, «Камаз» жүк көлігі алынып, сондай-ақ өнімді шығаруға арналған құрылғылар алынды. Қазіргі таңда қызымның кәсібін дамытуға көмек көрсетудемін. Бұрын бұл кәсіппен айналысқандықтан, бар білгеніммен бөлісудемін, - дейді кәсіпкердің әкесі Анарбек Күнтуаров.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Оның айтуынша, цехта күнінен 60-100 шаршы метр брусчатка шығарылады. Өнімге қажетті шикізаттар Шиелі, Жаңақорған аудандарынан әкелінеді. Ал өнімнің бағасы түріне қарай шаршы метріне 2500-3000 теңгеден сатылады. Қазіргі таңда «Брусчатка KZO» жеке кәсіпкерлігінің өніміне сұраныс жоғары. Бұған дейін облыс орталығындағы білім ұйымдары жергілікті өнімді тұтынған.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырлатын жобаларды сүйемелдеу, қолдау көрсету, түсіндіру, насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

«Eңбeк»: Қызылордалық шебер 450 мың теңгенің домбырасын жарты жылда жасады

Қызылорда қаласында 2021 жылдың 1 мамырына 26 мың 358 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны – 22 518. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6% пайызға өсіп, 103,6% көрсеткен. Облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шaғын жәнe oрта кәсіпкерлік субъектілерінің 45,5%-ы Қызылорда қаласының үлесінде. Биыл «Нәтижeлi жұмыспeн қамту жаппaй кәсіпкерліктi дaмытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Eңбек» мемлекеттік бағдaрламасы аясында Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бойынша 207 млн 540 мың теңгені құрайтын 23 жоба қолдау тапты, - дейді бөлім басшысы Бағлан Амангелдиев.

Өзгелердің жаңалығы