Жаңалықтар
-
-
Шымкентте ішімдік дайындайтын жасырын цех анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
30.01.2021
-
Қазақстан ДСҰ 12-ші министрлік конференцияның негізгі басымдықтарын белгіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Швейцария Үкіметі ұйымдастырған виртуалды форматта Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше елдердің сауда министрлерінің бейресми кездесуіне қатысты.
29.01.2021
-
Еуропа парламентінің депутаты «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Еуропа парламентінің депутаты, «Қазақстан - Еуропалық Одақ» достық тобының төрағасы Рышард Чарнецкийге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес марапатталған II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
29.01.2021
-
2021 жыл «Балалар әдебиеті» жылы деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын-жазушылармен кездесті.
29.01.2021
-
Шығармашылық одақтар ҮЕҰ ретінде конкурстарға қатыса алады - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық кітапханада шығармашылық одақ өкілдерімен кездесті.
29.01.2021
-
Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы тұрақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бергі жағдай бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының индексі 100,8%-ды (ҚР- 101,3%) құрады. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында төменгі үштікте.
29.01.2021
-
Министр «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіруді тездетуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру процесін жандандыру туралы мәселеге нүкте қойылды. Жұмыстар алдымыздағы 1-2 айда басталады. Бұл туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Маңғыстау облысына жасаған сапары кезінде айтылды.
29.01.2021
-
Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне 60 жыл толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімі өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Қалыптасқан жағдайға байланысты іс-шараны кең көлемде өткізуге мүмкіндік болмады.
29.01.2021
-
Қазақстан-Нидерланд бизнес қауымдастығының дәстүрлі кездесуі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұзақ жылдар бойы Нидерланды Корольдігінің іскер топтары Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторлары болып келеді. Бұл ынтымақтастық екі ел басшылығының арқасында нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жұмағалиев осылай деді.
29.01.2021
-
Әкім: Биыл Абай ауданында 250-ден астам отбасы баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мен Абай ауданына жұмыс сапары барысында Абай қаласындағы көпсалалы колледждің жаңа ғимаратында болдым. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді.
29.01.2021
-
Министр «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебін» ашуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Кез келген өркениетті, рухы биік қоғамның ұстанымы осындай болса керек. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осылай деді.
29.01.2021
-
Түркістан облысында 30 жолаушы құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Кентау, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек аймақтарында ауа-райының күрт өзгеріп, қалың қар мен желдің күшеюінен облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жабылған.
29.01.2021
-
«Ботай» кітабының таныстырылымы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2021 жылдың 29 қаңтарында тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Зайберттің «Ботай» кітабының тұсаукесерін өткізді.
29.01.2021
-
Тоқаев ұлттық санақтың қашан өтетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің үшінші отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
29.01.2021
-
Әскерилер төтенше жағдайларды жоюға тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин мен Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың кездесуі өтті.
29.01.2021
-
«Нұрлы жер» бағдарламасы жоспардан артық орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Өткен жылы 600 мың шарты метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша облыс тұрғындары 750 мың шаршы метрге жуық баспанамен қамтамасыз етілді.
29.01.2021
-
Асанғазы: Жаңа әліпби түркі халықтарының өзара ынтымақтастығына оң ықпал етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Латыннегізді қазақ әліпбиі түркі халықтарының өзара ынтымақтастығы мен интеграциясына да оң ықпал етеді. Бұл туралы қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы айтты.
29.01.2021
-
Депутат өзінің алғашқы жұмыс аптасы қалай өткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Ерлан Саиров депутаттардың немен айналысатыны, жұмыс тәртібі қалай өтетіні туралы айтты.
29.01.2021
-
Алматыда 70 мыңға жуық әйел скринингтен өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жатыр мойны обырының скринингі аясында диагнозды ерте сатысында анықтаған пациенттер саны артты.
29.01.2021
-
Медицина саласының қызметкерлеріне тегін қойылым ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордамызда 2021 жылдың 28 қаңтары күні COVID-19 індетімен күресте алдыңғы шебінде жүрген ақ халатты абзал жандарға арналған М.Әуезовтің «Абай–Тоғжан» музыкалық драмасының қойылымы өтті.
29.01.2021
Наверх