Түркістан облысында бір күнде 3 той тоқтатылды

21 Шілде 2021, 01:11
1369
Бөлісу:
Түркістан облысында бір күнде 3 той тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында тәулік ішінде карантин режимін сақтамай, үш той жасаған тойхана иелері анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында шектеу шараларын сақтамай, қағидалардың бұзылуына жол берген бірнеше тойхана иелері анықталды.

Аудандағы елді мекеннің бірінде орналасқан тойханада 80-нен астам тұрғын жиналып, бесік той өткізіп жатқандығы анықталды. Сонымен қатар, одан бөлек, екі тойхананың бірінде 150-ден астам адам жиналып, беташар болып жатса, енді бірінде 180 тұрғын жиналған сүндет той өткізілген.

Аталған тойхана иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық СЭББ-ға жолданды.


Өзгелердің жаңалығы