Жаңалықтар
-
-
Әскерге шақырылған сарбаздар ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салтанатты шара «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өтті. Шымкент, Тараз, Гвардейск және Меркі гарнизондарына еліміздің бар өңірінен шақырылған екі мыңнан астам жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті борышына адал болуға ант берді.
22.05.2022
-
Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті
Қарағанды, BAQ.KZтілшісі. 21 мамыр күні Қарағанды қаласында «Өмірлік дағдылар» атты ата-аналар форумы өтті. Балалар жылы аясында өткізілген шара білім алушылар мен ата-аналарға: құқықтық, медициналық, педогогика-психологиялық көмек көрсетіп, өмірлік дағдыларға үйрету мақсатында ұйымдастырылған.
22.05.2022
-
Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасының 5 көрнекті ескерткіштері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енді.
22.05.2022
-
Қостанайда «Қостанай жылқысына» арналған бәйге мәреге жетті
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей биылдан бастап Тобыл өңірінде өтетін аузымен құс тістеген сәйгүліктердің жарысы «Қостанай жылқысы-қазақтың қазанаты» деген ерекше атаққа
22.05.2022
-
Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
22.05.2022
-
«Үлкен жетілік» елдері Украинаға 20 млрд долларға жуық қаржы бөледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үлкен жетілікке» мүше елдер Украинаның қаржы жүйесін қолдауға 20 млрд долларға жуық қаражат бөледі, деп жазды «Хабар 24».
22.05.2022
-
Шығыс Қазақстанда биыл 7,5 мың түлек ҰБТ тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 7510 түлек ҰБТ тапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.05.2022
-
Қарағандыда 40 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биыл 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысында жұмыспен қамту шараларымен 41 мың адамды қамту жоспарлануда.
22.05.2022
-
«Газпром» Финляндияға газ тасымалдауды тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін фин компаниясы ресейлік газды сатып алуда жаңа төлем жүйесіне өтуден бас тартқан болатын. Поляктың PGNiG және Болгарияның «Булгаргаз» компаниялары да осындай ұстанымда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
22.05.2022
-
20 жастағы елордалық ақша ұрлағаны үшін ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
22.05.2022
-
Петропавлда жылына мың «Урал» мотоциклі шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік Ural Motorcycles компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында өз өкілдігін ашты, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы Дархан Амрин.Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде ресейлік Ural Motorcycles
22.05.2022
-
Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, елордамыздың жасөспірімдері арасында жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
22.05.2022
-
Барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 мамырда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады.
22.05.2022
-
Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 мамырда Алматы облысындағы Ақсай – Шонжы – Қалжат тас жолында 25 жастағы тұрғын көлігімен бір қора қойды басып кеткен.
22.05.2022
-
Қарағанды облысында тұрғындарды алдап келген алаяқтар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі азамат өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырып, талай адамды сан соқтырған.
22.05.2022
-
Шымкент перзентханасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын – Министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент перзентханасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
21.05.2022
-
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 16 млрд теңге жұмсалмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл мегаполисте ұзындығы 221 шақырым болатын 224 көше жолдарына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлім айтты.
21.05.2022
-
Шымкенттегі құлаған шатырдан зардап шеккендер жоқ - ТЖД
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионындағы оқиғаға байланысты қалалық ТЖД қоғаммен байланыс қызметі жағдайды баяндады.
21.05.2022
-
Шымкентте футбол кезінде стадионның шатыры құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қажымұқан атындағы орталық стадионда «Ордабасы» - «Аксу» футбол командаларының ойыны кезінде ғимараттың шатыры ұшып кетті.
21.05.2022
-
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте үш бала автокөліктің жүксалғышында тұншығып қалды. Екеуі оқиға орнында қаза болды, бір бала бүгін жансақтауда қайтыс болған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
21.05.2022
Наверх