Шығыс Қазақстанда биыл 7,5 мың түлек ҰБТ тапсырады

22 Мамыр 2022, 08:19
1441
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда биыл 7,5 мың түлек ҰБТ тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 7510 түлек ҰБТ тапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы 8859 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 7510 түлек, яғни 84 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. 

Балалар тестілеуге қатысу үшін тестcenter.kz сайтында өтінім берді. Облыста Өскемен, Семей қалаларында және Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында ҰБТ өткізілетін үш пункт бар. Тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады, - дейді басқарма басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

 Түлектер үш міндетті және екі бейінді пән бойынша сұрақтарға жауап береді. Жалпы тестілеуде 120 тапсырма болады. Түлек ең көбі 140 балл жинай алады.

Биыл мемлекеттік грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Ал оқуға түскен кезде ең жоғары балл жинаған сертификатты көрсетеді. Биыл облыстық бюджеттен 450 грант бөлініп отыр. Оның 60 пайызы техникалық мамандықтаға болса, қалғаны медицина, білім, ветеринария сынды салаларға, - деді Сайрангүл Жұмаділова. 

Өзгелердің жаңалығы