Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үлкен жетілікке» мүше елдер Украинаның қаржы жүйесін қолдауға 20 млрд долларға жуық қаражат бөледі, деп жазды «Хабар 24».
Оның бір бөлігі бюджет тапшылығын жабуға, қалғаны ел тұрғындарына қызмет көрсетуге жұмсалмақ. Тағы 3,5 млрд мемлекеттік және жекеменшік секторларға бағытталады.
G7 министрлері Украинаға қарулы қақтығыс аяқталғаннан кейін көмек беруге уәде етті.