Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті

22 Мамыр 2022, 10:11
3295
Бөлісу:
Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZтілшісі. 21 мамыр күні Қарағанды қаласында «Өмірлік дағдылар» атты ата-аналар форумы өтті. Балалар жылы аясында өткізілген шара білім алушылар мен ата-аналарға: құқықтық, медициналық, педогогика-психологиялық көмек көрсетіп, өмірлік дағдыларға үйрету мақсатында ұйымдастырылған. 

     Форум аймақ колледждерінің өздерін таныстыру көрмесінен басталды.  Шараға келген оқушылар көрме арқылы, мамандық таңдау мүмкіндігіне ие болды. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған колледжер келушілерге өз мекемесін, оқылатын мамандық түрлерін қызықты етіп көрсетуге тырысты. Қонақтар әдемі қолөнер бұйымдары, тәтті-дәмділер мен, түрлі технологияларға толы алаңдарды аралады . «Қарағанды машина жасау колледжі» оқушыларға көлік жасаудың қыр-сырын түсіндіріп, балаларды қызықтыру мақсатында өз қолдарымен темірден шахмат фигураларын жасап әкелген.

Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті
Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті

Біздің колледж осы секілді форумдарға жиі қатысады. Қазір бізде технологиялар заман талабына сай жаңарған. Сандық бағдарламамен басқарылатын техникалар көп. Сондықтан да кейінгі жастардың бұл мамандықтарға қызығушылықтары жоғары. Және осындай шаралар да оқушылардың мамандық таңдауына зор үлес қосады, – дейді колледждің өндірістік оқыту шебері Нұрдаулет Жұмасейітов.

Сонымен қатар ата-аналарға диалог алаңдары мен форум-театрлар қызмет көрсетті. Ұйымдастырушылар өмірде кездесетін түрлі жағдайлар мен күрмеуі қиын мәселелерді ата- аналармен бірге талқылады. Қатысушылар форум-театр  дайындаған қойылымда рөл алып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындады.

Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті

Спорт алаңында қонақтарға: «Таңшолпан» балаларды қорғау орталағының туризм үйірмесі, Медицина колледжінің «Алғашқы көмек» сабақтары дайындалған. Сондай ақ, спорттық кортта колледж студенттері арасында  «Dance city» би сайысы өтсе, мектеп оқушылары асық ату мен тоғызқұмалақ, «Cool games» ойынындарымен бақ сынасты. «Cool games» ойыны елімізге биылдан бастап енген ойын түрі.

Біздің Нұркен Әбдіров атындағы мектеп Украина елінде  осы ойын түрінен жарысқа екі рет қатысты. Өзімізге ұнағасын елімізге алып келіп, ойынға қызығушыларды үйрете бастадық. Биыл наурыз айында еліміздің барлық қалаларынан ынталы жастарды жинап, осы ойын түрінен алғаш рет турнир ұйымдастырдық. Қазір біртіндеп танымал болып келе жатыр. Бүгінгі шарада да облыс бойынша ойынға қызығушылар жиналды, командалық тартысты ойын өтіп жатыр, – дейді ойын ұйымдастырушысы Фатима Самекбаева.

Форумда ата-аналар: «Балалар қауіпсіздігі», «Бақытты баланы қалай тәрбиелеуге болады?», «Отбасылық дәстүрлер», «Асыранды отбасындағы бала», «Балалар құқығын қорғау», «Ата-әжесінің баласы» сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша психологиялық кеңес алды. Шарада көтерілген маңызды тақырыптардың бірі: «Киберқауіпсіздік, нашақорлықтың алдын алу». Спикер қонақтарға балалардың үялы телефонындағы қауіпті ойындар, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік тақырыптарында сөз қозғап, балаларды кибер шабуылдардан қорғау жолдарын түсіндірді. «Natige» ЖШС директоры, «Qasym кitaphanasy» сериясымен  кітап шығарып жүрген кәсіпкер Ерлан ӘШІМ баланы кітап оқуға ынталандыру бойынша «Оқу мектебі» тақырыбында сөз сөйледі.

Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті

Балалар жылы аясында ұйымдастырылған шара қатысушыларға өмірлік дағдылар жайлы ауқымды ақпарат беріп, ата-аналар баламен қарым-қатынас тақырыптарында жақсы кеңестер алды. 

Өзгелердің жаңалығы