Шымкентте футбол кезінде стадионның шатыры құлады

21 Мамыр 2022, 22:00
1582
Бөлісу:
Шымкентте футбол кезінде стадионның шатыры құлады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қажымұқан атындағы орталық стадионда «Ордабасы» - «Аксу» футбол командаларының ойыны кезінде ғимараттың шатыры ұшып кетті.

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Джалилова хабарлады.

21 мамыр күні Қажымұқан стадионында футболдан ОРДАБАСЫ-АҚСУ ойыны өтті. Ауа райы қолайсыздығы мен қатты желдің салдарынан Қажымұқан стадионы ғимаратының шатыры мінбер жақтан көтерілді. Шатыр көтерілген мінберде көрермендер болған жоқ. Қазіргі уақытта ақаулар жойылып жатыр, зардап шеккендер жоқ. Матч тоқтатылды - делінген хабарламада.

 

Өзгелердің жаңалығы