Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

21 Мамыр 2022, 21:47
1425
Бөлісу:
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте үш бала автокөліктің жүксалғышында тұншығып қалды. Екеуі оқиға орнында қаза болды, бір бала бүгін жансақтауда қайтыс болған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

19 мамырда Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне үш кішкентай баланың автокөліктің жүк салғышында тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шықты. Анықталғанындай, ата-анасы үйде болмаған. Балалар жүк салғышқа кіріп, қақпағын жауып алады. Содан кейін қайта шыға алмай тұншығып қалыпты. Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмды, – деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы