"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – спорт журналисі, комментатор, диктор Ермұхамед Мәулен.
Карантин кезінде спорт комментаторлары не істеп жатыр? Алдағы Еуропа чемпиондар лигасы өтеді ме? Атақты футболшы Криштиано Роналду төтенше жағдай кезінде көмек ретінде ақша бөлгені рас па? Әлемдік футбол құрамаларының карантин кезінде жалақыларының азайғаны қаншалықты шындыққа жанасады? Отандық футболшылар мұндай мәселеде не істеді? Ертіс командасы банкрот болуы мүмкін бе? Қазіргі футбол клубтарының жағдайы қандай? Қазақстанға футбол қаншалықты керек? Неліктен өз ойыншыларымызды футболда алға шығармаймыз? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Ермұхамед Мәулен бағдарлама барысында айтып берді.
"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Жобамыздың бұған дейінгі қонағы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков.