Зейнетақы қорындағы ақша арқылы қандай үй алуға болады?

3 Қыркүйек 2020, 12:18
3589
Бөлісу:
Зейнетақы қорындағы ақша арқылы қандай үй алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үй жағдайын жақсату үшін кімдер қандай жағдайда үй ала алатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтып берді.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға кімдер, қандай жағдайда қордағы қаражатты ала алады?

Бұл жағдайда азамат өзі, жұбайы және жақын туыстары үшін пайдалана алады. Жақын туыстарына заңнама бойынша кім жатады? Олар – ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, бауырларына тарайды. Мақсатты пайдалану үшін осы отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіру мүмкіндігін де қарастырамыз, - деді Біржан Нұрымбетов.
Қандай тұрғын үй алуға болады?
Бұл жерде тұрғын үй жағдайын жақсартуға бардық. Шектеулер көп болмайды. Тұрғын үйді немесе жер учаскесін сатып алуға жұмсауға болады. Оның ішінде тұрғын үй тек бастапқы, жаңа үй емес, қайталама нарықтағы, яғни «вторичный» үйді де сатып алуға болады. Бұл ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеуге де болады. Ол кез келген екінші деңгейдегі банк және кез келген бағдарламамен алған ипотекаға да тарайды. Сондай-ақ, өз тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігін және тұрғын үй жағдайларын жақсартудың басқа да нұсқаларына мүмкіндік қарастырылды. Бұл жерде тек бір ғана шектеу болуы мүмкін. Бұл зейнетақы жинақтары арқылы сатып алынған тұрғын үйді 5 жыл өткеннен кейін ғана сатуың мүмкін, - деді министр.
Министрдің сөзінше, бұл мәселені шешу үшін уәкілетті оператор белгіленетінін айтты.
Бұл оператор ұсыныс бойынша Тұрғын үй жинақтаушы банкі (министр – ертеңгі күні «Отбасы Банкі») болады. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді, - деді Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы