Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан босатылды

6 Қазан 2020, 08:35
2721
Бөлісу:
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ведомствоның басшылығымен келіссөз жүргізілгеннен кейін оны Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратынан шығарды. Митингіге шыққандар бірден экс-президентті қолдап, «Атамбаев» деп айғайлады.

Атамбаев өткен жылдың жазынан бері қамауда отыр.

Еске салайық, жексенбі, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті.

7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды.

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ертең, 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан партия көшбасшыларымен кездесетіні хабарланды.

Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап Ақ үйге басып кірумен аяқталған.

Бұдан бұрын Бішкекте митингіге шыққандар басып кірген Ақ үйдің өртеніп жатқандығын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы