Қырғызстан Президенті сайлауға қатысқан 16 партияның жетекшілерін кездесуге шақырды

6 Қазан 2020, 00:37
1990
Бөлісу:
Қырғызстан Президенті сайлауға қатысқан 16 партияның жетекшілерін кездесуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ертең, 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан партия көшбасшыларымен кездеседі. Бұл туралы Қырғыз президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды «Кабар» қырғыз ұлттық ақпараттық агенттігі.

Сағат 11.00-ге жоспарланған кездесуге 16 партияның лидерлері шақырылатын болады.

Еске салайық, жексенбі, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті.

7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды.

Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды.

Айта кетейік, елдің Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің соңғы нәтижесін сайлаудан соң 20 күннен кешіктірмей жариялауы тиіс.



Өзгелердің жаңалығы