Қырғызстан Үкіметі ерекше режимде жұмыс істеп жатыр

6 Қазан 2020, 11:16
1605
Бөлісу:
Қырғызстан Үкіметі ерекше режимде жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасының Үкіметі ерекше режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинеті аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі хабарлады.

Салалық мемлекеттік құрылымдар қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.

Қырғызстан Үкіметі саяси процестің барлық қатысушыларын бар мәселелерді бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Барлық мәселе халқымыздың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі, еліміздің гүлденуі үшін құқықтық арнада шешілуі тиіс, - деп хабарлады «Кабар» агенттігі.

Өзгелердің жаңалығы