Шорнақтағы жағдай тұрақты – полиция ауылдағы жанжал туралы

23 Шілде 2020, 17:14
4379
Бөлісу:
Шорнақтағы жағдай тұрақты – полиция ауылдағы жанжал туралы
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің қатысуымен бір топ азаматтың өздерінің наразылықтарын білдірген бейнежазба таралған болатын. Жергілікті полиция сол оқиғаға қатысты түсініктеме берді.


Бұған дейін хабарланғандай, Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында полиция қызметкерлері алдын алып, тоқтатқан тұрмыстық жанжал болды.

Оқиға орнына бірінші болып келген Кентау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы жанжалды жағдайды тоқтату шараларын жүргізді. Полиция қызметкері алған жарақатына және азаматтардың белсенді бағынбаушылығына қарамастан өз міндетін атқарып, күш пен атыс қаруын қолдануға жол бермеді. Учаскелік полиция инспекторы мен үш ауыл тұрғыны тастан жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді, - делінген ведомство мәліметінде.

Келесі күні Шорнақ ауылында арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған. Бұл жайтты полиция қызметкерлері бірден тоқтатты. Ауыл тұрғындарымен облыстың қоғамдық және әкімдік өкілдері кездесті.

Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 4 азаматты анықтап, ұстады. Оның 2-еуі соттың шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы