Ұшақ апаты: қаза тапқандар саны – 14

27 Желтоқсан 2019, 10:32
5265
Бөлісу:
Ұшақ апаты: қаза тапқандар саны – 14

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ұшақ апатында қаза тапқандардың тізімі жарияланды.

 

Ұшақ апатында қаза тапқандардың тізімі жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Апаттан зардап шеккен 24 адам ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта 14 адамның қаза болғаны белгілі болды. Оның жетеуінің аты-жөні анықталды.

Қаза тапқандар:

1.         Николай Астанов, 1971 жылы туған;

2.         Рустам Кайдаров, 1940 жылы туған;

3.         Бауыржан Калиев, 1974 жылы туған;

4.         Базархан Карибаев, 1974 жылы туған;

5.         Марат Муратбаев, 1961 жылы туған;

6.         Абай Нурбеков, 1986 жылы туған;

7.         Аршат Исина

8.         Сания Аманжол,

9.         Дана Круглова, 1984  жылы туған;

10.       Каирхан Туматов, 1955 жылы туған;

11.       Валерий Ануфриев

 

12.       Имина Оспанова, 1963 жылы туған.

Зардап шеккен мен қаза тапқан адамдардың нақты саны құтқару жұмыстарынан кейін белгілі болады. Оқиға орнында 976 адам, 70 техника, 33 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Апат орнында жедел-іздестіру тобы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, оқиға орны толық қоршауға алынды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

  

 

Өзгелердің жаңалығы