Сайлаушылардың 30 пайызға жуығы өз таңдауын жасады

10 Қаңтар 2021, 12:21
1875
Бөлісу:
Сайлаушылардың 30 пайызға жуығы өз таңдауын жасады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова сайлаушылардың дауыс беруі туралы кезекті ақпаратты ұсынды.

Орталық сайлау комиссиясына аймақтардағы сайлау комиссияларынан келіп түскен ақпарат бойынша бүгінгі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 28,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды, - деді ол.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы – 26,6%,

Ақтөбе  облысы – 25 ,6%,

Алматы облысы – 28,5%,

Атырау облысы – 29,8%,

Батыс Қазақстан облысы – 32,2%,

Жамбыл облысы – 32,1%,

Қарағанды облысы – 33,5%,

Қостанай облысы – 30,1%,

Қызылорда облысы – 28,9%,

Маңғыстау облысы – 23,7%,

Павлодар облысы – 33,1%,

Солтүстік Қазақстан облысы - 34,2%,

Шығыс Қазақстан облысы – 29,9%,

Түркістан облысы – 33,1%,

Алматы қаласы – 15,7%,

Шымкент қаласы – 34,1%,

Нұр-Сұлтан қаласы – 24,2%.

таблица.jpg

Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев еліміздегі республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 10:00-дегі жағдай бойынша бюллетеньдерді сайлаушылардың 11,6%-ы алғанын мәлім еткен болатын.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де ұсынылатын болады.


Өзгелердің жаңалығы