Қазіргі жағдай бойынша бюллетеньдерді сайлаушылардың 11,6%-ы алды

10 Қаңтар 2021, 10:46
2124
Бөлісу:
Қазіргі жағдай бойынша бюллетеньдерді сайлаушылардың 11,6%-ы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев еліміздегі республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпарат ұсынды.

Оның сөзінше, сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 11,6 пайызы алды. 

Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша – 10,2%, Ақтөбе облысы бойынша – 9,9%, Алматы облысы бойынша – 11,3%, Атырау облысы бойынша – 10,3%, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,7%, Жамбыл облысы бойынша – 12,8%, Қарағанды облысы бойынша – 10,4%, Қостанай облысы бойынша – 11,2%, Қызылорда облысы бойынша – 10,3%, Маңғыстау облысы бойынша – 8,7%, Павлодар облысы бойынша – 14%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,9%, Түркістан облысы бойынша – 13,3%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 12,1%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,8%, Алматы қаласы бойынша – 9,7% және Шымкент қаласы бойынша – 14,4%, - деді Ерлан Дауылбаев.

Қазіргі жағдай бойынша бюллетеньдерді сайлаушылардың 11,6%-ы алды

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы одан кейінгі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де, 18:00-де және 20:00-де ұсынылады. Сайлаушылар келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 20:00-де ұсынылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Орталық сайлау комиссиясы алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов сайлау учаскелеріндегі коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы айтты. Оның сөзінше, дауыс беруге бала ертіп келуге тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы