Ресейде қару-жарақтар қоймасы жарылып жатыр

5 Тамыз 2019, 18:29
2710
Бөлісу:
Ресейде қару-жарақтар қоймасы жарылып жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясында қару-жарақтар қоймасы жарылып жатыр. Бұл туралы Baza Telegram-каналында хабарланды.

Красноярск аймағында қару-жарақтар сақтаулы әскери қоймалар өртеніп, жарылып жатыр. Жергілікті билік өкілдері Ачинск ауданының айналасындағы ауылдарды эвакуациялау жұмыстарын бастап кетті.

Алдын ала болжам бойынша, қоймаларда миналар мен зениттік патрондар сақталған. Әзірге бір адамның зардап шеккені туралы белгілі болып отыр. Ол жергілікті тұрған. Зардап шеккен әйел адамға жарылыстан кейін жарықшақ тиген.


Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай орын алған жерден фото және видеолар тарап жатыр. Mash Telegram-каналы Красноярск аймағындағы жарылыс болған ауданда жол жабылғанын және шұғыл эвакуация жасалып жатқанын жазды.


Өзгелердің жаңалығы