Мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейтілмек

20 Қараша 2019, 13:31
3300
Бөлісу:
Мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейтілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас прокуордың орынбасары Марат Ахметжанов мас күйінде көлік жүргізіп, адамды қағып өлтіргендер он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отырмыз. Қазір мас болсын, сау болсын адамды машинамен қағып өлтіріп алса, жаза бірдей, ары кетсе бес жыл. Енді мас күйінде жасалған осындай қылмыс он жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы көлік құралдарынан басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаймақ, - деді Бас прокурордың орынбасары.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз аңшылыққа салынатын айыппұл 10 млн теңгеге дейін көбейетіні туралы осыған дейін жазғанбыз. Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары түрмеде отырғандар саны 70 мыңға азайғандығын хабарлаған едік. Белгілі болғандай, мал ұрлағандар залалды өтесе де жазадан құтылмайтын болады. Сонымен қатар, зорлау аса ауыр қылмыстар санатына көшеді. 
Өзгелердің жаңалығы