Қызылордада екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылған

11 Маусым 2021, 02:37
2162
Бөлісу:
Қызылордада екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде коронавирустың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасқан. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінген. Баспасөз брифингінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде дәрі-дәрмек бағасының шектен асыру жағдайына жол берілмейтінін жеткізді.

Сондай-ақ тұрғындардың денсаулығы үшін екпе егуге қажетті шаралар толық іске асқан.

Аймақта вакцина салдыруға қажетті 106 екпе бөлмесі ашылған. Оның 91-і ауылдық жерде орналасқан. Мұнан бөлек, шалғай ауылдардағы тұрғындарға екпе салу үшін 39 арнайы мобильді топ құрылған.

Айту керек, 1 ақпаннан бері облысқа QazVac-in, Hayat Vax, Спутник V вакцинасынан І компоненті бойынша 129 050 келіп, оның 74% салынған. Ал екінші компонентінде 87 300 жеткізіліп, 46,8% салынған.

Өзгелердің жаңалығы